Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық – сәттілік пен дамудың синонимі

Академиялық ұтқырлық – сәттілік пен дамудың синонимі

25 Сәуір 2018

8 мен 20 сәуір аралығында академиялық ұтқырлық шеңберінде патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті Мухаммад Ирфан Батуми халықаралық университетінің 2 және 3 курс студенттері үшін орталық ми жүйесі патологиясы бойынша дәрістер оқып және бірқатар тәжірбиелік сабақтар өткізді, ол дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық оқу орындарының каталогына кіреді  (World Directory of Medical Schools). Сонымен қатар, Мухаммад Ирфан Грузияның ең көне ЖОО-ның бірі  Шота Руставелли  атындағы Батуми Мемлекеттік Университеттіне патологиялық анатомия бойынша дәріс оқуға шақырылды. Грузияның медициналық университетінің патологиялық анатомия кафедрасында жұмыс істеу құнды жұмыс тәжірбиесін жинауға, әдістемелік жұмыстармен және оқыту жүйесімен танысуға,  университетте өткізілген барлық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік тудырды.

Академиялық ұтқырлық – оқытушылармен тәжірибе алмасу, жаңа мүмкіндіктерді пайдалану және жалпы еуропалық білім беру құндылықтарымен танысу үшін оқытушыларды бір жоо-нан екіншісіне еркін «көшіру» мүмкіндігі. Оқытушылар үшін бұл жаңа білім алуға, өз пәнінің аймағында кәсіби қызметін одан әрі жетілдіруге, педогигикалық дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибенің құндылығы артық емес. Қазіргі уақытта бірыңғай ғаламдық білім беру кеңістігін қалыптастыру үрдісі қаралуда, бұл бірінші кезекте бүкіл әлем бойынша университеттерде оқу әдістемелерін, стандарттарын, оқу жоспарларын үйлестіруді білдіреді.

Академиялық ұтқырлыққа қатысу – өз мамандығың бойынша жаңа білімдер алуға бірегей мүмкіндік, жоғары білім беру үдерісін ұйымдастырудың шарттары мен ерекшеліктерімен танысу, жоғары білім беру үдерісін ұйымдастырудың шарттары мен ерекшеліктерімен танысу, ой-өрісін кеңейту, жаңа мемлекеттерге барып және жаңа достармен танысуға апарады.

  Патологиялық анатомия кафедрасының доценті

  С.А.Мусабекова


0
4794

пікірлер

пікір қалдыру үшін.