Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
С.Ж Асфендияроватындағы Қазақ ұлттық медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық.

С.Ж Асфендияроватындағы Қазақ ұлттық медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық.

24 Сәуір 2018

09.04.2018ж. бастап 21.04.2018 дейін орыс тілі кафедрасының доценті міндетін атқарушы ф.ғ.к. Елена Робертовна Келлер-Дедицкая академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде, орыс тілі, кәсіби орыс тілі, латын тілі курсымен кафедрасында жұмыс істеді. Елена Робертовна шетел бөлімінің 3 курс студенттерімен 90 сағат көлемінде «Кәсіби орыс тілі» пәні бойынша практикалық сабақтар өткізді. Мына тақырыптар бойынша: «Дәрігердің науқаспен диалогы», «Науқастың өмір тарихы», «Науқастың қазіргі (объективті) жағдайы», «Болжамды диагноз», «Медициналық мәтіндерді оқу».

Сонымен қатар жұмыс кезінде кейбір аурулар түрлері қарастырылды. Сабақ барысында Елена Робертовна оқытудың жаңа тәсілдерін қолданды. Мысалы, кейс-стади, (TBL) командалық бағдарланған оқыту.

Қазақ және ағылшын бөлімдері студенттерімен «Тандем» әдісі бойынша өткізілген ОСӨЖ сабақтары үлкен қызығушылық тудырды. Оқытушылар осы әдіс ауызша сөйлеу біліктілігін ғана емес, сондай-ақ мәдениетаралық қарым-қатынасты қалыптастырудың жоғары тиімділігін атап өтті. С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық университеті орыс тілі, кәсіби орыс тілі, латын тілі курсымен кафедрасының оқытушылары Елена Робертовна Келлер-Дедицкаяның академиялық ұтқырлығы бағдарламасы бойынша жұмысын жоғары бағалады.


0
4691

пікірлер

пікір қалдыру үшін.