Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы қайта жаңғырту» мақаласын талдау үшін өткізілген ғылыми-теориялық семинар

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы қайта жаңғырту» мақаласын талдау үшін өткізілген ғылыми-теориялық семинар

20 Сәуір 2018

20 сәуірде 2018 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы қайта жаңғырту» мақаласын талдау үшін және қазақ тілінен латын графикасына көшуді насихаттау мақсатымен ғылыми-теориялық семинар өткізілді.

Семинардың ұйымдастыру комитеті құрамына: кеңесші, м.ғ.д., профессор В.Б. Молотов-Лучанский, Қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация факультетінің деканы, PhD докторы Серік Бақтияр, ЖМ және стоматология факультетінің деканы В.Б. Ташкенбаева, Қазақстан тарихы және әлеуметтік –саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.А. Темірғалиев, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Ғ. Нұғман, тарих ғылымдарының қандидаты, доцент А.Е. Даниярова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.С. Малыбаева кірді.

Семинардың қатысушыларына арналған құттықтау сөзді: кеңесші, м.ғ.д., профессор В.Б. Молотов-Лучанский, Қазақстан тарихы және әлеуметтік–саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.А. Темірғалиев, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Б.Қ. Қыздарбеков сөйледі.

Семинар барысында Н. Талдыбай, А. Атчибаева, Б. Берістем (ЖМ 1-018), К. Кенжебеков (ТФП 1 – 004), А. Кадырбаева, Ю. Кудрявцева (Биология 1 – 003), Д. Бейсен, Д. Нуралиева, М. Таубаев, Р. Сәрсенбай (ЖМ 1-020), Л. Құдуспекқызы (ЖМ 1-021),С. Салихан  (ЖМ 1-022)  студенттерінің  баяндамалары тыңдалды.

Баяндаманы оқу кезінде студенттер өткізілп жатқан шараға жоғары дайындықпен келгендерін, аталған тақырыптың көкейтестілігін нақты көрсетіп, мәселенің мәнін ашып, тақырыпты өз мәнінде жете қорғай білді.

Белсене қатысқан студенттерге Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетованың атынан сертификаттар тапсырылды.


0
4357

пікірлер

пікір қалдыру үшін.