Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алматы қаласындағы бірінші орталық азиялық Maker Faire

Алматы қаласындағы бірінші орталық азиялық Maker Faire

19 Сәуір 2018

2018 жылдың 14 сәуірінде  American Space Almaty-да АҚШ-тың Дипломатиялық миссиясының бастамасыменҚазақстанда Орталық Азиядағы бірінші фестиваль - Maker Faire ұйымдастырылды.

Maker Faire – бұл инновациялар, шығармашылық және эксперименттерді көрсететін, «көрсет-және-айтып бер» форматындағы ірі ауқымды практикалық іс-шара. Бірінші Maker Faire 2006 жылы Калифорнияда өткізілді және содан кейін Сеул, Мәскеу мен Делиды қосқанда әлем бойынша  44 қала осындай фестивальдар өткізді.

Almaty Mini Maker Faire 2018 – бұл Орталық Азия мен Ауғанстанның бес елінен «құрушылар» жинаған күні бойына арналған фестиваль.Фестивальдың мақсаты кәсіпкерлік пен инновацияны ынталандыру, білім саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу, сонымен қатар, әзірлемеге инженерлердің, компьютерлік ғалымдардың, суретшілердің уәждемесі және өзекті мәселелерді шешу үшін шығармашылық идеяларды жүзеге асыру болып табылады.  

Іс-шарада АҚШ-тан келген арнайы қонақтар білім беру және оның маңыздылығына ерекше көңіл бөліп, сөз сөйледі. Coursera онлайн білім беру платформасынан  Мэтью Клейн ХХІ-ші ғасырды оқыту үшін жаңа парадигма ретінде онлайн-оқытуды таныстырды.Technovation өкілі Сара Клаттербак  технологиялардың көмегімен әлемдік проблемалардың шешімдерін іздеудегі қыздар мен әйелдердің қосатын үлесі туралы айтып берді. 

Фестивальда робототехника мен ракетадан бастап орауыш пен электронды тоқымаға дейін 60-тан астам жоба ұсынылды.Siemensкомпаниясы бір күн бойы келушілер үшін болашақ энергиясын  танытатын виртуалды ақиқаттың шағын сессиясын ұсынды. Maker Faire  үйлеспейтіндей болып көрінетін идеялар мен ынтымақтастықты біріктіретіндігімен бірегей: қолөнер мен кодтау, дизайн мен электроника, экологиялық проблемалар мен виртуалды ақиқат, денсаулық пен робототехника және өнер мен механика.

Almaty Mini Maker Faire-дың жарқын сәті болып он екі әлеуметтік жобасы қатысқан, соның ішінде Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің интерн-хирургы Эльярбек Ташметов «Нейро-реабилитационный экзоскелет «Custodian» жобасымен қатысқан  KZ Pitch Challenge презентациясы конкурсы болды. АҚШ-тың бас консулы Марком Муди басқаратын төрешілер алқасының шешімі бойынша  Эльярбек Ташметовтың және тағы 4 жоба фестивальдың жеңімпаздары атанды.


0
4411

пікірлер

пікір қалдыру үшін.