Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық студенттік ғылыми конференциясы

Халықаралық студенттік ғылыми конференциясы

19 Сәуір 2018

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҒМУ-нде «Көп тілділік – жастардың рухани санасын жаңғыртудың негізі ретінде» тақырыбында халықаралық студенттік ғылыми конференциясы өткізілді. «Рухани жаңғыру – ұлтттың мәдени коды», «Кәсіби білім және мамандық тілі», «Мәдениеттер диалогы» секцияларының жұмысы шегінде Алматы, Шымкент, Қарағанды қалалары жоғарғы оқу орындарының студенттері баяндама жасады. Сондай-ақ, конференцияға Үндістан, Иордания, Қырғызстан, Өзбекстан және Ауғанстан елдерінен студенттер қатысты. Конференция жұмысына біздің университетіміздің орыс тілі кафедрасында оқып жүрген студенттеріміз қатысты: Аружан Дарханбаева  (1-001 ҚДС), Айдана Кошанова (3-001 ФӨТ) (жетекшісі Ж.М. Омашева), Анастасия Ветрова (3-002 ФӨТ) (жетекшісі Д.В. Сизов).

  Өздерін көп тілді білім алу нысаны ретінде ғана емес, өз елдерінің көптілділік арқылы көп тілді қазақстандық қоғамының қалыптасуына үлес қосуға ұмтылған азаматтары ретінде қабылдайтын жоғарғы оқу орындарының студенттері қазақ, орыс және ағылшын тілдердінде пікір таластырып, конференция қатысушыларының баяндамаларын талқылады.


0
4425

пікірлер

пікір қалдыру үшін.