Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының арасында тағы да үздік!

ҚММУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының арасында тағы да үздік!

18 Сәуір 2018

Республикалық денсаулықты сақтауды дамыту орталығы 2017 жыл үшін ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша Қазақстанның медициналық жоғарғы оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми және ұлттық орталықтарының рейтингтік бағалау қорытындыларын жасады. 

Осы рейтингте үшінші жыл қатарынан орын алып келе жатқан Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті 1 орын алғанын сіздерге хабарлауға қуаныштымыз.

Бағалау кезінде  келесі негізгі индикаторлар ескерілді:

- орындалатын ғылыми зерттеулердің көлемі;

- ғылыми жарияланымдардың саны;

- дәйексөз жиілігі;

- патенттер мен ғылыми әзірлемелерді тіркеу;

- ғылыми қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру;

- халықаралық конференцияларға қатысу.

Осы бағалау ҚР ДСМ 2013 жылғы 12 шілдесінің № 404 бұйрығымен бекітілген медициналық ғылым және медициналық жоғарғы оқу орындары ұйымдарының саралау әдістемесіне және ғылыми және инновациялық қызмет индикаторларын бағалау алгоритміне сәйкес өткізілді.  

Медициналық ғылым мен инновацияларды дамыту «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты болып анықталғанын естеріңізге түсіреміз.

Рейтингтік бағалаудың қорытындысымен  http://www.rcrz.kz/files/reiting_vuz_2017.pdf   сілтемесі бойынша РДСДО сайтында танысуға болады.

Біз студенттеріміз бен әріптестерімізді жемісті еңбектің лайықты бағасымен және жоғарғы оқу орнының дамуына қосқан әрқайсысының үлесімен құттықтаймыз!


0
4531

пікірлер

пікір қалдыру үшін.