Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ хирургтерін Жапонияда оқыту

ҚММУ хирургтерін Жапонияда оқыту

18 Сәуір 2018

Профессор Абатов  Нуркаси Тулепбергенович, 6D110100 «Медицина» мамандығынын үшінші жыл оқу докторанты  Бадыров Руслан Муратович және 6D110100 «Медицина» мамандығынын бірінші жыл оқу магистранты Севастьянов Леонид Викторовичпен ғылыми тағылымдамадан өту аясында  2018 жыдын  29-шы  наурызынан бастап 12-ші сәуір аралығында екі апта бойы Shimane Medical University оқуынан өтті (Жапония, Идзумо және Ода қалалары).

 Профессор Н.Т.Абатовтың қатысуымен біздің хирургтер лапароскопиялық әдістемені қолданумен құрсақ қуысы патологиясын оперативтік емдеу жоспарында жапондық әріптестердің тәжірибесін үйренді; көптеген онкологиялық ауруларды және лапароскопиялық өт қабын сылудың өзінің бірден-бір техникасын көрсетті, Р.М.Бадыров «Алдыңғы құрсақ қабырғасы жарығын хирургиялық емдеудегі децеллюляризирдік ксеноішпердесі» жоспардағы докторлық диссертациясының тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Магистрант Л.В. Севастьянов ғылыми тағылымдамадан өту аясында  ғылыми зерттеу әдістемелері бойынша курстан өтті, онкоурогологиялық патология бойынша ота жасауда ассистенция жүргізілді.

Сонымен қатар, біздің дәрігерлер амбулаториялық қабылдаулар мен хирургиялық және онкологиялық профильдегі емделушілерді ота алдында дайындау ерекшеліктерін, отадан кейінгі кезеңдегі емделушілерді қарау ерекшелігі мен әдістерін үйренді. Хирургия, урология және онкологияда ультрадыбыстық диагностика бойынша кезеңдер өтілді.

Сапар барысында Ясунао Хаттори (Yasunao Hattori) Шимане университетінің президентімен, Микио Игава (Mikio Igawa) медицина факультетінің деканымен Жапониядағы және Қазақстандағы медицина кадрларының жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімдерінің ерекшеліктерін талқылау және де одан әрі ыңтымақтастық мүмкіндігі бойынша кездесу болды.

Оқыту соңында қарағандылық хирургтер жапондық әріптестерге шетелдік мамандардың қызығушылығын танытқан өздерінің ғылыми-тәжірибелік іс-қызметтерінің нәтижелері туралы айтып берді. Мысалы, профессор Н.Т.Абатовтың эхинококкоз сияқты патология туралы баяндамасы қызу талқылау мен күншығыс елінде өте сирек кезедесетін патология болғандықтан көптеген сұрақтар туғызды. Докторант Р.М.Бадыров өзінің ғылыми жұмыстарының ағымдағы нәтижелері туралы, ал магистрант Л.В.Севастьянов – біздің универститеттің медициналық орталығында жүргізілетін урологиялық патологияны лапароскопиялық түзету туралы  баяндады. Конференция соңында сертификаттарды тапсыру салтанаты болды.

Ұсынылған мүмкіндіктер мен қолдау көрсеткендері үшін ҚММУ-нің ректоры м.ғ.д., профессор Р.С.Досмагамбетоваға, стратегиялық дамыту, ғылым және халықаралық катынас бойынша проректор м.ғ.д. профессор А.А.Турмухамбетоваға, клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіптік дамыту бойынша проректор м.ғ.д профессор Б.Н. Кошероваға, РТКФ-тің деканына Асеноваға Л.Х. үлкен алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, жалпы медицина және стомотология факультетінің деканы В.Б.Ташкенбаеға және оның орынбасары А.Б.Бокаеға, халықаралық қатынас бөлімінің бастығы С.Б.Касымоваға алғысымызды білдіргіміз келеді.

Профессор, доктор Йошихиро Носоға (Yoshihiro Noso) Шимане университетіне шақырғаны үшін, бірлесіп жасаған жұмыстар, ұсынылған  жаңа ақпараттармен көрсетілген көмегі және қолайлы жағдай туғызғаны үшін  жеке алғыс білдереміз.


0
5280

пікірлер

пікір қалдыру үшін.