Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттердің көзқарасымен кәсіпкерлік

Студенттердің көзқарасымен кәсіпкерлік

18 Сәуір 2018

16.04.2018ж. ҚММУ Ғылыми кеңесі залында «Тұран» университетімен бірлесіп телекөпір онлайн-конференциясы өткізілді. Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың шеңберінде «ҚДС» 1-003 топ студенттерімен СОӨЖ «Кәсіпкерлік тәуекел және Кәсіпкерліктің мәдениеті» тақырыбында іс шара өтті. ЖМ 1-003 топ  студенті Арсламбек Авазов, ҚДС 1-003 топ  студенті Меруерт Тілебек, ЖМ 1-027 топ  студенті Лукашевич Александр, ҚДС 1-003 топ  студенті Арлан Балтабеков, ЖМ 1-027 топ  студенттері Меруерт Анасова және Нина Ким, сонымен қатар «Тұран» университетінің 1 және 3 курс студенттері баяндама жасады.

  Телекөпір онлайн-конференцияның  мақсаты - кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру барасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқитын студенттермен жұмыс істегенде ақпараттармен, білімдермен және дағдылармен алмасу болып табылады.

Конференция таныстыру және ақпараттық сипатта болды.
Қонақтар ретінде оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор В.П. Риклефс;  Қоғаммен байланыс қызметінің кеңесшісі В.Б. Молотов-Лучанский; Қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация факультеті деканының орынбасары А.Омарова;  Жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы А.С. Байменова; ҚММУ кәсіпкерлік білім беру бойынша жұмыс тобының оқытушылары: Ш.Д. Джакетаева, Г.В. Каршалова, К.Марченко; қоғамдық ұйымдармен және жастар ұйымдарымен байланыс жөніндегі маман И.И.Милаева; Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушылары А.А.Ахатова, Б.С.Битенова, О.А.Кофтун, Л.К.Магзумова  қатысты.

Іс-шара нәтижесі бойынша В.П.Риклефс осындай іс-шараларды ғылыми-зерттеу форматында өткізу және ынтымақтастықты одан әрі дамыту, тек қана «Тұран» университетімен ғана емес Қазақстанның басқа да ЖОО  және одан тыс шет елдер оқу орындырымен осы қызметті жүзеге асыру жайында тілек білдірді.

  Ұйымдастырушы және іс-шараның модераторы, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы Б.Б.Рысбекова.


0
4451

пікірлер

пікір қалдыру үшін.