Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Испанияның Барселона қаласындағы магистранттардың ғылыми іс-тәжірибесі.

Испанияның Барселона қаласындағы магистранттардың ғылыми іс-тәжірибесі.

16 Сәуір 2018

Біз, 6М110100 «Медицина» мамандығы бойынша оқып жатқан 1 жылғы магистранттар- Аппазова Лейла, Байдильдина Ботагоз, Джабаева Сабина, Ибраева Жанар, Калимбетова Акерке, Нургалиева Айжан 2018 жылдың  21.03.-31.03 аралығында Испанияның  Барселона қаласындағы «Graduate School of Management» оқу орнында«Медицина» саласы бойыншағылыми іс-тәжірибеден өттік.

Оқу интерактивті әдістерді қолдана отырып, ағылшын тілінде әртүрлі өзекті тақырыпта қызықты және жеткілікті қарқынды өтті. Оқу бағдарламасының аясында біз денсаулық менеджменті, салауатты өмір салтын сақтау, коммуникативтік дағдылар тақырыбында дәрістерді тыңдадық.

Еуропадағы денсаулық сақтау жүйесі жұмысымен танысу мақсатында, біз Dr Manchon визуалды диагностикалық орталығында сабақ өткіздік. Орталық компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, цифрлық маммография, рентгенография, ультрадыбыстық зерттеу, сүйек денситометриясы және тағы басқа жаңа құрылғыларды қолданады.

  Сондай-ақ біз оңтүстік Еуропадағы ең ірі биомедициналық зерттеу орталығы Barcelona Biomedical Research Park-де болдық. PRBB биомедицина саласындағы молекулалық генетикадан популяциялық генетикаға дейін зерттейтін алты ғылыми зерттеу орталығын біріктіреді. PRBB орталықтары өздерінің зерттеулерін 30-дан аса әр түрлі бағдарламаларда қызмет атқарады.

Тәжірибе соңында салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Басшылық және ПОҚ тарапынан жылы қабылдау болғанын айта кетсек дейміз.

Барселона қаласында ғылыми тәжірибеден өтуге мүмкіндік бергені және көмегі үшін ҚММУ ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетоваға, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық қатынастар проректоры, профессор А.А. Тұрмұхамбетоваға, жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы, доцент В.Б. Ташкенбаеваға, және деканның орынбасары  А.Б.Бокаеваға және халықаралық қатынастар бөліміне алғысымыз шексіз

«Медицина» мамандығының магистранттары.


0
4627

пікірлер

пікір қалдыру үшін.