Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Және тағыда сөреге

Және тағыда сөреге

16 Сәуір 2018

Дене тәрбиесі кафедрасы  9 – 14 сәуір аралығында факультеттер арасында кезекті дәстүрлі спартакиада өткізді, 5 командадан тұратын университеттің барлық топтары қатысты.

Жарыстың бірінші күні болған салтанатты ашылу шарасына ректорат пен деканат меңгерушілері шақырылды. Сәлемдесу сөздерімен қатысушыларды құттықтай отырып, оларға әділ жеңіс тіледі. Қатысушылар алдында шығармашылық ұйым өз өнерлерін көрсетті. Салтанатты ашылудан кейін  дене тәрбиесі кфедрасының барлық оқытушылары спорт әділқазылары ретінде өз міндеттеріне кірісті.

Факультет аралық  спартакиадаға 5 команда қатысты. Олар жалпы медицина және стоматология (2 команда), қоғамдық денсаулық сақтау биология және фармация факультеті, халықаралық медицина факультеті мен медициналық қызметкерлер даярлау факультеті.

Жарыс спорттың келесі түрлері бойынша өтті:

1.  Арқан тартыс (ерлер)

2.  Армрестлинг (ерлер)

3.  Баскетбол (ерлер, әйелдер)

4.  Волейбол (ерлер, әйелдер)

5.  Футбол (ерлер)

6.  Үстел теннисі (ерлер, әйелдер)

7.  Шахмат (ерлер, әйелдер)

8.  Шашки (ерлер, әйелдер)

9.  Тоғызқұмалақ (ерлер, әйелдер)

10. Мылтық ату (ерлер, әйелдер)

Қиын сайыс түрлері арқан тартыс пен армрестлинг әдеттегідей әсерлі өтті. Ал спорттық ойындар кесте тәртібі бойынша өте қызықты өтті.

  Сайысты қортындылай отырып, орындарды келесі кезек ретімен үйлестірді:

Жалпы командалық бірінші орынды Жалпы медицина және стомотология факультеті - I  командасының қатысушылары алды.

2 орын  Жалпы медицина және стомотология факультеті - II  

3 орын Қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация факультеті.

4 орын Орта медициналық қызметкерлерді даярлау факультеті.

5 орынХалықаралық медицина факультеті.

  Спартакиада әділқазылар мен ұйымдастырушылардың спорттық ойындарға деген сауаттылығының арқасында жоғары кәсіби деңгейде өтті. Команда қатысушылары мереке соңында үлкен эмоциалық әсер алып, өздерінің спорттық нәтижесіне сенімділікпен қарады. Жүлделі орын алғандарға мадақтау қағаздары табысталды. Жеңіске жеткен командаға жылсайын командадан командаға берілетін өтпеллі кубок табыс етілді.

Дене тәрбиесі кафедрасы.  


0
4331

пікірлер

пікір қалдыру үшін.