Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ХҚТУ-не (Түркістан) академиялық ұтқырлық

ХҚТУ-не (Түркістан) академиялық ұтқырлық

16 Сәуір 2018

Ішкі академиялық ұтқырлық аясында 2018 жылдың 26 наурызынан 6 сәуіріне дейін Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінде (Түркістан қ.) «Ұтымды фармакотерапия» пәні бойынша ҚММУ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының доценті Кемелова Гульшат Сейтмуратовна өз оқу қызметін атқарып келді.

Екі апта ішінде сабақтардың тақырыптық жоспарымен және сабақ кестесіне сәйкес дәріс және тәжірибелік сабақтар өткізді. Г.С. Кемелова клиникалық тәжірибеге дәлелді медицинаны енгізудің мәселелері бойынша, клиникалық кафедралардың және студенттердің қызығушылығын оятқан клиникалық сұрақтың анатомиясы және ақпарат көздері жайлы сабақтар өткізді және де әр түрлі мүшелер мен жүйелердің аурулары кезінде дәрі-дәрмекті терапияны ұтымды қолданудың сұрақтары талқыланды. Барлық сабақтар интерактивтік оқыту түрлерін қолдану арқылы қанық және аса қызықты болып өтті. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен белсенді оқыту әдістері жан-жақты талқыланды.

ХҚТУ болған кезінде Г.С. Кемелова академиялық ұтқырлық аясында білім алып жүрген ҚММУ 4 курс студенттерімен кездесті. Студенттер өздерінің серіктес жоғары оқу орнында алған тәжірибелерімен бөлісті және университеттер мен студенттер арасындағы өзара серіктестіктің пайдалы жақтарын да айта кетті. ХҚТУ-де  студенттерді оқыту және оқытушыларымен бірлескен жұмыс жасау жемісті және тиімді болды. ХҚТУ басшылары атқарылған жұмыстар туралы оң пікірлер берді.

Г.С. Кемелова, ҚММУ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының доценті, тәжірибелік біліктер орталығының директоры


0
4898

пікірлер

пікір қалдыру үшін.