Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«2018 жылғы мамандық бойынша ҚММУ үздік түлегі» конкурсы

«2018 жылғы мамандық бойынша ҚММУ үздік түлегі» конкурсы

16 Сәуір 2018

09 – 11 сәуір аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде жыл сайынғы «Мамандық бойынша ҚММУ ең үздік түлегі» атағын беру үшін конкурс өтті. Конкурсқа мамандықта ең үздік және «2018 жылдағы мамандық бойынша ҚММУ үздік түлегі» атағына лайықты екенін дәлелдеуге дайын 18 түлектер қатысты. Конкурс 4 кезеңнен тұрды: тестілеу, портфолионы бағалау, клиникалық құзыреттілікті бағалау, ғылыми жобаны ұсыну. Оқуда және ғылымда өздерін көрсете білген дарынды түлектер құрметті атақ үшін күресті.

Конкурстың бірінші кезеңі – теориялық білімді бағалау деңгейі тестілеу түрінде жүргізілді, конкурсқа қатысушалар тестілеуді өз бағдары бойынша өткізді. Конкурстың екінші кезеңі портфолионы бағалауды қарастырды, конкурстық материалдар қағаз нұсқасында папкада тапсырылды.

Үшінші кезеңде барлық конкурсанттар жедел коронарлы синдром кезіндегі, жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел бітелісі кезіндегі, дәрілік анафилаксиялық шок кезіндегі,  қол жарақаттарының және тері жамылғыларының тұтастығының бұзылыстары кезіндегі шұғыл көмекті жүргізді, негізгі жүрек-өкпе қызметінің реанимациясын көрсетті. Кабинеттер заманауи жаттығу құрылғыларымен, қуыршақтармен (манекендермен), медициналық жабдықтармен және құралдармен, аудио-бейне аппараттарымен, компьютерлік техникамен жабдықтандырылды.

3 кезеңнің қорытындысы бойынша конкурстық комиссиямен интерн терапевт – Кабиева Айдана, интерн терапевт – Кайсина Алия, интерн педиатр – Сарсенбаев Касым, клиникалық құзыреттілікті ептілікпен көрсеткен қатысушыларбелгіленді. 

Конкурстың төртінші кезеңі - ғылыми жобаны ұсыну. Қатысушылар медицинадағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми жобаларды қорғады:

жасанды тамақтандырудағы балалардағы зәр жолдарының инфекцияларын болжау, 2 типті қант диабеті бар науқастарда глицемияның өзгермелілігін бағалау, бүйрек үсті безінің эндовидеохирургиясы, индукцияға арналған ауызша және вагинальды мизопростолдың салыстырмалы бағалау және т.б. Әр қатысушы өзінің дайындық деңгейін көрсетті.

Конкурстың 4 кезеңінің қорытындылары бойынша 2018 ж. «Мамандық бойынша ҚММУ үздік түлегі» келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

«ҚММУ үздік интерн акушер-гинекологы» - Искра Юлия Дмитриевна;

«ҚММУ үздік интерн хирургы» - Кенжебай Әділет Жолдасбайұлы;

«ҚММУ үздік интерн педиатры» - Сарсенбаев Касым Куандыкович;

«ҚММУ үздік интерн терапевті» - Кайсина Әлия Абайқызы;

«ҚММУ үздік интерн жалпы практикалық дәрігері» - Ашимова Алия Толегеновна;

«ҚММУ үздік интерн стоматологы» - Михайлюк Анна Эдуардовна;

«ҚММУ үздік мейірбике ісі түлегі»  - Сағымбекова Жансая Молдаханқызы.

2018 ж. «Мамандық бойынша ҚММУ ең үздік түлегі» конкурсының марапаттау рәсімі медициналық қызметкерлер күніне арналған ҚММУ салтанатты шарасында жүргізіледі.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлім


0
4948

пікірлер

пікір қалдыру үшін.