Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дәрісте сараптама білімін қолдану

Дәрісте сараптама білімін қолдану

04 Сәуір 2018

2018 жылдың 29 және 30 наурыз күндері Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасында оқытушы Магзумова Лаззат Кенжебековна мен аға оқытушы  Рысбекова Бахыт Баяновна «Кәсіпкерлік негіздері» пәні бойынша «Салық салымы» тақырыбында қонақ шақырту дәрісін өткізді. Дәріс «Жалпы медицина» мамандығының қазақ және орыс  тілдерінде оқитын студенттеріне арналып оқылды. 

  Аталмыш дәріс ҚММУ кәсіпкерлік білімдегі жобаларды жүзеге асыру бағытында орындалды. Осыған байланысты бұл іс-шараға Қарағанды қаласы Кәсіпкерлер Палатасының маманы Ержан Галымбекович Жакупов шақырылды.  Сонымен қатар ҚММУ-нің кәсіпкерлік білім беру жобалық тобының мүшелері: С.Р.Жакенова, Ш.Д.Джакетаева, Г.В.Каршалова, А.Б.  Долгополов қатысты. Дәріскер медик-студенттерге кәсіпкерліктегі салық салымының негізгі аспектілері туралы қызықты ақпараттарды ұсынды.

  Студенттер үшін кәсіпкерлік қызметтегі салықты есептеу әдістері, жеңілдетілген және патент негізінде төлейтін салық салымы жүйесіндегі айырмашылықтарды, кәсіпкерлікті енді бастаған тұлғалар үшін салық салымын төлеу жолдары туралы көптеген қызықты ақпараттар берілді.

  Дәріс соңында студенттер кері байланыс сауалнамасында дәріскер берген ақпараттарды тәжірибелік тұрғыда қолдану маңыздылығын, оларды жүзеге асыруда шынайы өмірде қажет екендігін және келтірілген мәліметтер өте қызықты болғандығын жеткізді.  

 Кафедра аға оқытушысы:

  Б.Б.Рысбекова   

0
4351

пікірлер

пікір қалдыру үшін.