Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Болашаққа сыбайлас жемқорлықсыз

Болашаққа сыбайлас жемқорлықсыз

03 Сәуір 2018

2018 жылдың 27 наурызында Қарағанды Экономикалық университеті Қарағанды қаласының әкімдігімен бірлесіп, "Болашаққа сыбайлас жемқорлықсыз"  атты жыл сайынғы жастар форумын өткізді. Форум аясында сондай-ақ эссе конкурсының қорытындысы шығарылды, Қарағанды облысындағы 100-ден астам жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Конкурстың мақсаты – жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру, жауапкершілік сезімін дамыту.

Жүлдегерлер болып бес жұмыстар таңдалды, олардың  бірі ҚММУ жалпы медицина және стоматология факультетінің 4081 топ студенті Диана Камышева болып табылады.

Өз жұмысында  жемқорлықтың  денсаулық сақтауға әсер етуі, барлық кемшіліктерін қарастырды, сондай-ақ, осы саладағы табысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтердің   артықшылықтарын  атап өтті.

Қазылар алқасының құрамына: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттік департаменті және Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы істер басшысының орынбасары Т. Б. Медет, Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы әкімі Т. Н. Шатохина, Теміртау қаласының әкімі Г. А. Әшімов.

Қарағанды қаласында "Адал жол – честный путь"  атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон басталды, бұл жолы марафон Қарағанды облысының  барлық қалалары мен аудандары бойынша өз жолын жалғастырады.

Салтанатты марапаттау  алдында студенттер үш секцияға бөлінді: мемлекеттік қызметке алу, сапалы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар сұрақтары бойынша, содан кейін жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Фисенко Игорь 5-119 ОМ

 «INSIGHT» дискуссиялық клубының жетекшісі

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
4164

пікірлер

пікір қалдыру үшін.