Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үміт сәулесі

Үміт сәулесі

30 Наурыз 2018

 «Үміт сәулесі» балалар мен мүгедектер орталығында20 наурызда ҚММУ оқытушылары, «Пища жизни»,  Қарағандыдағы  Шалва  Амонашвилидің ізгілік педогогикалық орталығының және қайырымды адамдарды ұйымдастыруымен мерекелік кездесу – қайырымдылық акциясы болды. Оған  кекстер, тоқаштар, бәліштер, печенье, тәтті тағамдар пісіріліп, жеміс-жидектер, сусындар, мармеладтар сатылынып алынды.  Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының  оқытушылары: Ломан Надежда Филипповна, Битенова Багдат Сабитовна, Мухатаева Гаухар Абзаловна, Жоломанова  Алма Хайрулловнаға қатысқаны үшін алғыс айтамыз. Кездесу өте жылы, достық атмосферада өтті. Симфониялық оркестрдің скрипкашы  Айжан Алжанова ән шырқап, скрипкада «Құпия бақ» туындысын  ойнады. Даун синдромы, аутизм, ДЦП мен ауыратын ересектер мен балалар  өте мұқият тыңдап, бұл туынды махаббат, бақыт,  жарқын өмір туралы екендігін айтып жатты. Мұндағы жарым жан балалар мен қызметкерлер бізге де шынайы дүние туралы біраз сабақ берді.  Әлемде ылғида мұндай балалар, осындай адамдар кездеседі, бұл жаза емес, бұл бізге осындай адами қарым қатынасты сақтауға, оны  қабылдауға көп көмек береді, осындай жарым жан жандардың ата-анасына және туыстарына  керемет күш беретін рухани шара болып табылады.

 Аға оқытушы

Қазақстан тарихы және

ӘСП кафедрасы  А.Х.Жоломанова


0
4321

пікірлер

пікір қалдыру үшін.