Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мәскеу қаласындағы кардиологтар және терапевтердің халықаралық форумы.

Мәскеу қаласындағы кардиологтар және терапевтердің халықаралық форумы.

29 Наурыз 2018

2018 жылдың 21-23 наурызы аралығында Мәскеу қаласында жыл сайынғы кардиологтар және терапевтердің VII халықаралық форумы өтті. Бұл форумға біздің университеттің қызметкерлері №1 Ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. профессор Д.Ж.Тайжанова және «Медицина» мамандығының PhD докторанты О.А.  Вистерничан қатысты.

Форумның бірінші күнінде шет мемлекеттерден және ТМД елдерінен, Ресейдің әр аймақтарынан келген 600 астам делегаттар тіркелді. Бұл форумда алғаш рет Туркиядан (100 делегат) және Молдова мемлекетінен (30 делегат) көп делегаттар қатысты.

 Форумның ғылыми бағдарламасы кардиология, гастроэнтерология, эндокринология, пульмонология және қазіргі медицина ғылымының өзекті мәселелері талқыланды.  Миокард ауруларының коморбиндті патологияларына, генетикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды. Докторант О.А. Вистерничан «Тәж артерияларының рестонозы дамуында пуриндердің болжамдық ролі» тақырыбымен ауызша баяндама жасады және жас ғалымдар симпозиумында 1-ші орын иеленді.


0
4104

пікірлер

пікір қалдыру үшін.