Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жаңғырды қайта заманым-тіршілік басы әз-Наурыз!»

«Жаңғырды қайта заманым-тіршілік басы әз-Наурыз!»

29 Наурыз 2018

2018 жылдың 20 наурызындаЖедел медициналық көмек кафедрасының мұғалімдері М.С. Байекеева, М.О.Килишбаева,сондай-ақ “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 5011, 5012 топ студенттерінің ұйымдастырылуымен Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық концерті өткізілді. Мерекелік кешті Жедел медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі Г.С.Жұмабекова көркем құттықтауымен ашты.

Әрі қарай концерттің тізгінін салиқалы, әрленген сөздерімен ажарландыра түскен 5-016 топ студенті  Оспанбек пен 5-015 топ студенті  Азиза  жүргізді. Алғашқы нөмірлерде 5-014 топ студенті Шерхан Ақмаралдың “Наурыз-Думан” әнін ерекше ырғақпен орындап шықты. Әуелеген әуен қаншама ғасырлық тарихы бар қазақтың ұлттық биі “Қара жорғамен”ұласты.

Ұлыстың ұлы күніне арналған концертіне “Адай күйі” ерекше ұлттық нақыштағы домбырамен топ студенттерінің орындап шығуы жиналған көрермендердің көңілдерін елжірете түсті. Осы сәтті топ студенттерінің “Сыңсу” көріндісімен қызықтыра түсті. Көрермендердің қошеметіне 5-012 топ студенті Л.К. Еламанова “Көктем-Наурыз” атты әнін тарту етті. Елімізге көрші мемлекет өзбек халқының ұлттық биін 5-011 топ студенттері Наурызбаева Айкен және Дүйсенова Нурила өз дәрежесінде билей алды. Арнайы қойылым сазды әуендермен аяқталды. Наурыз мерекесіне орай  мерекелік кештің соңында ҚММУ әкімшілігіне, университет ректорына Р.С.Досмағамбетоваға, жедел медициналық  көмек кафедра меңгерушісіне және қатысушыларға қызу құттықтаулар, алғыс хаттар табыс етілді.


0
4182

пікірлер

пікір қалдыру үшін.