Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
А.И. Куза атындағы Яссы университеті(Румыния) делегациясының сапары

А.И. Куза атындағы Яссы университеті(Румыния) делегациясының сапары

27 Наурыз 2018

2018 жылдың 19-23 наурыз аралығында Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетіне А.И. Куза атындағы Яссы университетінің делегациясы келді (Яссы қаласы, Румыния): дене тәрбиесі және спорт факультетінің деканы AbalaseiBetriceAureliaмен факультеттің әкімшілік менеджері GhigaFlorentina-Livia.

Делегацияның келу мақсаты Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен А.И. Куза атындағы Яссы университеті арасында білім беру саласындағы, атап айтқанда, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша студенттік алмасу, оның ішінде Эразмус+халықаралық несиелік мобильділік бағдарламасы, сондай-ақ, магистранттар мен докторанттарға тағылымдамадан өту бағдарламалары бойынша қарым-қатынасты орнату.

Қонақтар қарым-қатынасты орнату сапар аясында ұйымдастырушылық және экономикалық жұмыс жөніндегі проректор М.Т. Телеуовпен, қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация факультетінің деканы Б.С.Серикпен, дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Л.В. Коваленкомен кездесті. Қонақтарға ҚММУ тарихи мұражайы, ғылыми-зерттеу орталығы және практикалық дағдылар орталығымен танысты, қонақтар Наурыз мейрамын тойлауға қатысты. 20-22 наурыз қонақтар Румындық «Martisor-2018» румын фольклорының VI Халықаралық фестиваліне барып, Қарағандыдағы «Dacia» румын мәдени қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесті және Наурыз мерекесіне орай Румыния мәдениет қоғамы ұйымдастырған концертке қатысты.

Қонақтар 2018 жылдың20-22 наурыз аралығында «Мэрцишор 2018» румын фольклоры VI Халықаралық фестиваліне барып, Қарағанды қаласының «Dacia»румын мәдени қоғамы»қоғамдық бірлестіктің мүшелерімен кездесті, Наурыз мерекесіне орай румын мәдени қоғамы ұйымдастырған концертті тамашалады.


0
4292

пікірлер

пікір қалдыру үшін.