Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурызға қош келдіңіздер!

Наурызға қош келдіңіздер!

27 Наурыз 2018

Наурыз – бұл бес мың жылдық тарихы бар, түркі және иран тілді халықтардың негізгі мерекесі. Наурыз – көктем, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басы, жаңа өмір мерекесі болып табылады.

Мереке қарсаңында №2 Ішкі аурулар кафедрасының интерн-терапевттері Облыстық клиникалық аурухана және Облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығының науқастарына арналған мерекелік шара ұйымдастырып, өткізді. Тамаша безендірілген зал және әдемі айтылған сөздер мерекеге келген әрбір адамның көңіл-күйін көтерді.

Мерекелік шара кафедра меңгерушісі Е.М Ларюшина алғы сөздерімен  басталды. Аурухананың науқастарына, медициналық қызметкерлер мен мереке қонақтарына арналған ән мен би, домырада күй орындалып, ұлттық дәстүрлер және басқада шаралар өткізілді.

Мерекелік концерттің соңына қарай қонақтарды ұлттық тағамға бай жасатылған дастарханымызға дәм тату үшін шақырып, арнайы тағамымыз «Наурыз көже» таратылды. Мерекелік кеш өте қызықты, көңілді және ынтымақта өтті. Сонымен қатар мерекелік шара ең үздік мереке атты шараға қатысты.

№2 Ішкі аурулар кафедрасының ұжымы.

0
4188

пікірлер

пікір қалдыру үшін.