Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз біздің қуанышты мерекеміз!

Наурыз біздің қуанышты мерекеміз!

27 Наурыз 2018

Наурыз –  бұл сөзсіз қазақстандықтардың басты және де жақсы көретін мерекелерінің бірі болып табылады,  ол көптеген адамдар үшін жылы күнмен, көктемгі көңіл күймен сәйкес келеді.

Қазақстанда бұл  мемлекеттік мереке ретінде аталып, ал БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының шешімімен Халықаралық "Наурыз күні болып қабылданды". Мереке күндері адамдар, көп ұлттық тағамдар, сусындар дайындайды. Мерекелік дастархан  әр үйде дайындалады. Мерекелік  дастарханның басты сыйы "Наурыз көже" тағамы болып саналады. Наурыз мерекесі әрқашан көпшілік қуанышпен жүреді. Жастар жиналады у-шу мереке, әндер, билер, жастар әткеншек – алтыбақан тебеді. Наурызда жиі ұлдар арасында күрестер, жарыстар болады, ұлттық ойындар ойнатылады. Наурыз – бірлік мерекесі, сонымен қатар жер бетіндегі барлық адамдардың, жақсылық жаршысы мерекесі болып саналады.

Кафедрасының базасында Қарағанды қаласының балалар аурулар ауруханасында, 16 наурызда "Наурыз біздің қуанышты мерекеміз" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Оның мақсаты - жастарды тәрбиелеу, студенттердің мақтаныш сезімін, жетістіктерін, қазақстан халқының қол жеткізген табыстарын саралау болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қандай жетістіктерге жеткенін өз көздерімен көру. Іс-шара атмосферасы жайлы, қонақжайлы болды.  Осы орайдағы студенттер мен педагогтар арасындағы қарым-қатынастар жылы және достықта өтті, мейірімді жүрек жарды мерекелік құттықтаулар әдет-ғұрыптар, бақытты жастық, сәттілік, алған мамандығы ең қажетті мәселелер жөнінде ой толғадық.

Үлкен қолдау мен мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға Балалар ауруларының пропедевтикасының ассистенттері  Курилова Вероника Викторовна және Жетписбаева Рымкуль Эбынияновна, сондай-ақ Жалпы медицина мамандығының 3046 және 3038 топ студенттері көмек көрсетті. Жүргізуші ретінде 3-046 студенттері Майылханова Диана және Каден Ашербай, Бейсбай Аида, Унгарбаева Хилола болды, олар өздерінің мерекеге арнаған құттықтау сөздерімен бастап, содан 3-038 Дацко Константин, Култуш Курат, Атыгаева Зарина, Сулейменова Гиззат, Байспаева Тамара және Катетова Данагуль кішігірім көріністер және қыз ұзату, шашу сияқты дәстүрлер көрсетілді. Ең басты мерекесимволы ретінде Қорқыт Ата рөлін студент Джумагалиев Ондасын сомдады. Ерекше атап өтетін шетелдік студенттер Ядав Киран және Яда Шила өздірінің индия тілінде өлеңдерімен көзге түсті.  Резидент Шокаева Акерке өзінің наурыз туралы өлеңін шырқап берді. 5-061 тобының студенті Сафарханұлы Абзал тебіренішке толы, сазды күйін орындап, көптеген қонақтардың көңілінен шықты.  Кафедра резиденттері Кошанова Жанат және Усманова Венера интеллектуалды конкурс өткізіп, бағалы сыйлықтар табыстады. Содан кейін резиденттер қазақша өлең орындап берді. Сонымен қатар 3-030 студенті Скакова Айгерімнің орындауындағы Камажай өлеңін атап өту керек. Ал мереке ең кішкентай актердің тұсау кесер рәсімімен аяқталды.

 Сыйлы қонақтар ретінде кафедра ардагері Накупова Сакен Жаксыбаевна,  балалар аурухана директоры – Омирзакова Перизат Ахметкызы, балалар ауруларының пропедевтикасы кафедра меңгерушісі Кабиева Сауле Маутовна ұйымдастырушыларға зор алғысын білдірді. Қазіргі ұрпаққа біздің тарихымыздың және салт-дәстүрлерімізді сақтап қалуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Осы 2018 жылы біздің мемлекеттік мерекеміз Наурызды 26 рет және елордамыз Астананың 20 жылдың мерей тойымен қатар келіп отыр. Мемлекет басшысы айтқандай: “Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ”! “Сіз құрметті студенттер дәрігер мамандығын таңдадыңыздар, қазақ халқының болашағы үшін ортақ жауапкершілікті алдыңдар. Сіздерге мықты денсаулық барлық ізгі тілектерді тілеймін. Бақыт, алға қойған жоспарларды сәтті іске асыру, бейбіт өмір мен жарқын болашаққа ұмытылғайсыңдар”, - дегім келеді.

Достық, қуанышты күлкі мен құттықтаулар мереке күнін әрі қарай жалғыстыра түсті.

Балалар ауруларының пропедевтикасы ассистенті В.В.Курилова

3-046 топтың студенті Майылханова Диана 

0
4663

пікірлер

пікір қалдыру үшін.