Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстанның білім беру кеңістігін кеңейту бойынша Халықаралық серіктестік орталығының қызметін талқылау бойынша жиналыс

Қазақстанның білім беру кеңістігін кеңейту бойынша Халықаралық серіктестік орталығының қызметін талқылау бойынша жиналыс

27 Наурыз 2018

  2018 жылдың 16 наурызында Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қазақстанның білім беру кеңістігін кеңейту бойынша Халықаралық серіктестік орталығының (Алматы қ.) қызметін талқылау бойынша жиналысқа қатысты.

  Жиналыстың басты қатысушылары: NEO Institute of Medical Sciences and Technology LTD (Үндістан) директоры доктор Divya Sunitha Raj, компанияның Қазақстандағы өкілі Р. Махмут, Қазақстанның білім беру кеңістігін кеңейту бойынша Халықаралық серіктестік орталығының директоры А.Е. Кожаков және ҚР жоо-ның өкілдері болды.

  Қазақстан Республикасының Президенті және ҚР Білім және ғылым министрімен Қазақстанды Орталық Азияның білім беру хабына айналдыру, сонымен қатар шетелдік студенттердің ҚР-ның білім беру мекемелеріне қызығушылығын арттыру мақсаты қойылған болатын.

  Осыған байланысты, 2018 жылы Қазақстанның білім беру кеңістігін кеңейту бойынша Халықаралық серіктестік орталығы құрылған болатын, орталықтың негізгі мақсаты:

-  шетелдік азаматтарды Қазақстанның білім беру мекемелеріне оқу үшін тарту (жоо, колледждер, кәсіби-техникалық училищелер, лицейлер);

-  қазақстандық жастарды шетелдік білім беру мекемелеріне оқуға жіберу болып табылады.


0
4110

пікірлер

пікір қалдыру үшін.