Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз мейрамына арналған, интелектуальді көптілдік ойын

Наурыз мейрамына арналған, интелектуальді көптілдік ойын

26 Наурыз 2018

2018 жылдың 16-наурызында Наурыз мейрамыңа орай, шет тілдер кафедрасының ПОҚ интеллектуальді көптілдік ойынын өткізді. 4 кезеңнен тұратын ойында, «Жалпы медицина» мамандығының бірінші курс студенттері қатысты. Мерекеге ерекше рең бере білген шетел бөлімшесінің студенттері. 

Интеллектуальді ойын қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетіне арналған видео қараумен басталды; соңынан студенттерге үш тілде берілген бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Келесі кезеңдерде студенттерге өздерінің білімін ұлттық асхана аумағында, киім, салт-дәстүрлерді көрсету міндеттелді, бірақ онымен қоса өздерінің актерлік шеберлігін көрсету көзделді. Сонымен, ойын барысында қазақтың ұлттық дәстүрлері «Беташар», «Тұсау кесу», «Қыз ұзату» көрсетілді. Сонымен қатар студенттер Қазақстан халқының «Наурыз» мейрамын қалай тойлайтынын көрсетті. Әр кезең ұлттық билер, әндер, күйлермен сүйемелденді.

Ойынға қазылар алқасы ретінде халықаралық медицина факультеті деканының орынбасары Д.М. Доскожин, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі М.А.Маретбаева, сонымен қатар шет тілдер кафедрасының меңгерушісі В.А.Бурмистрова шақырылды.

Ойын жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік іс-шараның аяқталуы кезінде шет тілдер кафедрасының меңгерушісі В.А.Бурмистрова барлық қонақтар мен көптілді интелектуальді ойын қатысушыларына алғыс білдірді, сонымен қатар Наурыз мейрамымен құттықтады.


0
4473

пікірлер

пікір қалдыру үшін.