Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!

Қош келдің, Наурыз!

26 Наурыз 2018

16.03.2018  ҚММУ  биология кафедрасында  Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама өткізілді.

Шараға қоғамдық денсаулық сақтау, биология  және фармация факультетінің студенттері қатысты.

Ашық түсті костюмдер, көңілді концерттік нөмірлер және жайылған дәмді дастарханы көрермендерді енжар қалдырмады. Биология кафедрасының оқытушылары  биология және фармация факультетінің студенттерімен бірге жиын залын безендірді. Мерекелік сауық-кеш шеңберінде Наурыз мейрамына байланысты салт-дәстүрлер байқауы өткізілді, сонымен қатар студенттер «Сырға салу» көрінісін дайындады.

Наурыз мерекелік шарасын тамашалауға Қоғамдық денсаулық сақтау , биология және фармацияфакультеті деканатының өкілдері келді.

Наурыз мейрамына арналған концерт лайықты деңгейде өтті.


0
4127

пікірлер

пікір қалдыру үшін.