Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Балаларға медициналық көмек көрсетудің стандарттарын» талқылау.

«Балаларға медициналық көмек көрсетудің стандарттарын» талқылау.

13 Наурыз 2018

    №2 балалар  аурулары кафедрасында 02.03.2018 жылында  кафедра меңгерушісі, профессор Б.Т. Тукбекова  және БЖАИЖ бағдарламасы бойынша облыстық үйлестіруші Ф.А. Тельжанова  «ҚР-сында педиатриялық  көмек көрсету стандарттарын ұйымдастыруды бекіту туралы»  2018 жылғы 25  қаңтардағы № 1027 бұйрығының  негізгі ережелерін студентерге  ұсынды. Осы стандартта балалар қауымына медициналық көмектің негізгі түрлері көрсетіледі, соның ішінде санитарлық авиациямен. Онда негізгі нормативтік – заңды құжаттар туралы, балаларға медициналық көмек көрсету кезінде диагностикалау, емдеу және диагностикалау хаттамасы (ЕДХ) негізінде протокол бойынша мәлімет көрсетіледі.

  «Балалардың денсаулығын сақтауға» бағытталған  алдын -алу іс-шараларын көрсетудің маңыздылығы, сонымен қатар балалардың денсаулығындағы проблемаларды дер кезінде анықтаудың маңызды ролімен  қатар олардың пайда болу қауіпі  туралы атап өтілді. Қарағанды облысы  бойынша БЖАИЖ үйлестіруші Ф.А. Тельжанова осы стандартта жүкті әйелдер және 5 жасқа дейінгі балаларға патронажды бақылаудың прогрессивті модельі көрсетілгені туралы айтты.

Б.Т. Тукбекова 

Ф.А. Тельжанова


0
4901

пікірлер

пікір қалдыру үшін.