Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ студенттері мен оқытушылары қайырымдылық іс-шараларын өткізді.

ҚММУ студенттері мен оқытушылары қайырымдылық іс-шараларын өткізді.

26 Ақпан 2018

17, 23 ақпанда Халықаралық медицина университетінің студенттері мен Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының доценті А.К.Айтжанова және магистр А.Х.Жоломанова, сонымен қатар Гуманитарлық педогогика орталығы қарттар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балалар үйінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.  Біздің студенттеріміз: Бхупендра Сингх, Шачин Саин, Прашант Вайдх, Химаншу, Мохит Джарджхария, Картик, Камлеш Чоудхари, Джарджхария Хитеш Кумар, Шекхар Парашар, Ядав Нагармал, Ашиш Вьяс және Дилиш Каушик – балалар мен қарттарға жеміс-жидектер, сыйлықтар мен тәттілер сатып алды. Химаншу Вайншав, Винод Чоудхари, Анудж Кумар және Джаянти Поддар керемет үнділік тағамдар әзірлеп әкелді. Виджендра, Камлеш Сайни, Динеш Бхаджия, Ядав Виплав акцияны ұйымдастыруға  көмектесті. Винод Чоудхари,  Химаншу Вайншав, Гупта Девилал және Вишваджит Шарма тыңдармандарды өздерінің дәстүрлі әндері - бхаджаны орындауымен қуантты. Ал Дилиш Каушик көрермендердің жүрегін жаулап алатындай классикалық үнділік би биледі. Балалар мен қарттар үнділік қонақтармен қуана әңгімелесті. Балалар үйінің тәрбиеленушісі Александра  деген қыз бала болливуд биін билеп қонақтарға алғысын білдірді. Гуманитарлы педогогика орталығының өкілдері Г.А.Омарова, Г.Бөкежанова, А.Жоломанов, В.Ким балалармен «Жосөспірімдер өмірінің маңызды сұрақтары» деген тақырыпта әңгіме жүргізіп, қойылым көрсетті. Балалар мен қарттар үнді мәдениетімен танысып, сыйлықтар мен базарлықтар алып, өздерінің елеп ескерілгендіктерін сезініп бақытты күй кешті. Біз қайырымдылық шарасының  барлық қатысушыларына осындай мейірімділік пен махаббат сыйлағанына алғыс айтамыз.


А.К.Айтжанова

Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының доценті

А.Х.Жоломанова

Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының магистрі


0
4658

пікірлер

пікір қалдыру үшін.