Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Зерттеушілердің мансабын дамыту үшін Мария Склодовская-Кюри шәкіртақылары» тақырыбындағы вебинар

«Зерттеушілердің мансабын дамыту үшін Мария Склодовская-Кюри шәкіртақылары» тақырыбындағы вебинар

20 Ақпан 2018

2018 жылдың 19 ақпанында Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық Кеңсесінің ұйымдастыруымен жоо-дың оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған Горизон 2020 бағдарламасы аясында «Зерттеушілердің мансабын дамыту үшін Мария Склодовская-Кюри шәкіртақылары» тақырыбында вебинар өтті. 

  Аталған вебинардың мақсаты қатысушыларды бағдарламаның мүмкіндіктерімен таныстыру, өтініш берудің үдерісі туралы мәлімет беру, байқауға қатысу бойынша тәжірибелік кеңестер беру болып табылады.

  Вебинарда спикелер ретінде Horizon 2020 NCP-KZ Ұлттық үйлестірушісі, Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді қолдау бойынша Тәуелсіз Сарапшылық-консультациялық кеңестің директоры (Inexcb-kz) Камила Түсіпханқызы Мағзиева және Erasmus + бағдарламасының Қазақстандағы Ұлттық кеңсесінің ұлттық үйлестірушісі Шайзада Тасбулатова сөйледі.

  Байқаудың мерзімі мен шарттары туралы барлық ақпарат Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің ресми парақшасынан табуға болады: www.erasmusplus.kz. Вебинар туралы материалдарды келесі сілтеме бойынша таба аласыздар:http://erasmusplus.kz/index.php/ru/erasmus-ru/webinars.

 Сонымен қатар, 19 ақпан күні 14:00де барлық қызығушылық білдіргендерге Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің бас ғимаратының 327 аудиториясында орналасқан Welcome орталығында аталған вебинардың онлайн көрсетілім ұйымдастырылған болатын. 


0
4589

пікірлер

пікір қалдыру үшін.