Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Аристотель Университетіндегі академиялық ұтқырлық

Аристотель Университетіндегі академиялық ұтқырлық

07 Ақпан 2018

Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында біз, “Жалпы медицина” мамандығының 4-курс студенттері: Мәдениет Темірлан және Кударова Асем  «Ішкі аурулар негіздері» және «Жалпы хирургия» циклдерін Аристотель атындағы жоғары оқу орнында өттік.

Аристотель университеті – Грецияда ғана емес, сонымен қатар Салоникада әрекет ететін Балканда ең ірі академиялық мекеме болып табылады. Университетте  12 факультет бар. Факультеттердің көпшілігі қаланың орталық бөлігінде орналасқан университет қалашығында жинақталған. Оның аумағы 230 мың шаршы метрді құрайды. Қалған факультеттер мен зертханалар қала ішінде және одан тыс жерлерде орналасқан.

Қазіргі таңда 95 мың оқушы, оның ішінде 86 мыңы бакалавриатта оқиды.

Білім алу аясында біз тек оқу бағдарламасын ғана емес, сонымен қатар Греция мен бүкіл Еуропа халқында жиі кездесетін аурулардың заманауи диагностика әдістері мен профилактикасын меңгердік. 

ҚММУ ректоры, профессоры Досмағамбетова Раушан Сұлтановнаға және халық аралық қатынастар бөліміне алғысымызды білдіреміз. “Жалпы медицина” мамандығының 4-курс студенттері: Мәдениет Темірлан және Кударова Асем. 


0
4816

пікірлер

пікір қалдыру үшін.