Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ Диссертациялық кеңес отырысы жайлы

ҚММУ Диссертациялық кеңес отырысы жайлы

26 Қаңтар 2018

2018 жылғы 18 қаңтар күні университетте 6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғау өтті.

Диссертациялық кеңес отырысын төрағасы м.ғ.д. Турмухамбетова Анар Акылбековна ашып, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібіндефилософия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғау өткізу. Диссертация тақырыптары медицинаның өзекті сұрақтарына арналған: «ЖИА дамуындағы триметиламин N-тотығы және милық натрийуретикалық пептидтер ассоциациясының диагностикалық маңыздылығы»  (докторант А.Б. Марченко, ғылыми кеңесшілері Турмухамбетова Анар Акылбековна– медицина ғылымдарының докторы,ҚММУ-нің стратегиялық даму, ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, Азизов Илья Сулейманович – медицина ғылымдарының докторы, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Смоленск мемлекеттік медицина университеті Жоғары білім беретін федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің микробқа қарсы химиотерапия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, Смоленск қ., Ресей Федерациясы және Антонелла Ческа – МD, PhD докторы, Трансильвания университетінің «Медицина» факультетінің «Жасушалық және молекулалық биология және гистология» кафедрасының меңгерушісі, Брасов қ., Румыния) және «Ойық жаралы аурудың асқынған кездегі липопероксидация өнімдері мен жасушадан тыс нуклеин қышқылдардың салыстырмалы құрамы»  (докторант Г.Г. Ерзнкян, ғылыми кеңесшілері Шакеев Кайрат Танабаевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚММУ  №1 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, Култанов Берикбай Жукенович – биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚММУ биология кафедрасының меңгерушісі және Альбертон Иосиф Натанович – PhD докторы, Шаарей Цедек Медицина орталығының «Бет» хирургия бөлімшесінің жетекшісі. Иерусалим қ., Израиль.).

Табысты қорғауларыңызбен құттықтаймыз!!!


0
5354

пікірлер

пікір қалдыру үшін.