Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Алғыс сөз

22 Қаңтар 2018

Магистратурада оқу – бұл  жауапкершілік пен тыңғылықтылықты қажет ететін ойлау мен дайындалудың жаңа деңгейі. Үнемі оқытушылар мен магистранттар арасында тәжірибе және ақпарат алмасу жүріп отырады.

Жалпы медицина және стоматология деканаты жұмысының айқындылығы мен  олардың қызметкерлер мен студенттерге деген ерекше ықыластарын атап өткіміз келеді. Клиникалық эпидемиология сұрақтарына, ғылыми зерттеулерді жүргізу мен магистранттар және докторанттардың диссертациялық жұмыстарын жазуға  арналған сабақтар жиынтығын жүргізетін  стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызына ерекше алғысымызды  білдіреміз. Магистратурада аз уақыт болсақта, бұл ойлауды жаңа сапалы сатыға көтере алатын расында өзгеше білім  жүйесі деп әбден айта аламыз. Сіздің арқаңызда біз келешекте сіз сияқты, өз ісінің мамандары атанамыз! Білімнің дамуына өлшенбейтін және тұрарлық үлесіңізді қосқаныңыз үшін, жеке алғанда бізге беріп жатқан өнегеңізге, сіздің шамадан тыс енбегіңізге, сабырлығыңызға, түсінушілігіңізге және жоғары кәсібилігіңізге зор алғыс білдіреміз. Алдағы жұмысыңызға сәттілік, алға қойған мақсатырыңыздың орындалуын, денсаулық және мол табыс тілейміз!

 

101 Мед-М тобының магистранттары


0
4695

пікірлер

пікір қалдыру үшін.