Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Жаңа жыл

05 Қаңтар 2018

Жаңа жыл- армандар мен ғажайыптар орындалар сәт. Облыстық балалар клиникалық ауруханасында емделіп жатқан балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұмытылмастай әсер қалдырды.

  28.12.2017ж жасөспірімдер терапиясы пәні бойынша білім алып жатқан №2 ішкі аурулар кафедрасының 7 курс интерн-терапевтерінің ұйымдастырылуымен Облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатқан барлық балаларға сыйлықтар таратылып, эндокринология бөлімшесінде ертегілік қойылым қойылып, мерекелік кеш ұйымдастырылды.

  Мерекеде шаттық пен қуаныш орын алды. Аяз ата мен Ақша қар кішкентай баладан улкен жастағы балаларға дейін қызықты ойындар ойнатып, шыршаны айнала барлығы би биледі. Гитараның сүйемелдеуімен орындалған «Бремен музыканттарының әні» баршаның көңілінен шығып, барлығы қосылып бірге әнді шырқады. Қойылым соңында барлық балаларға сыйлықтар таратылып, жалпы естелік сурет түсірілді. Кешті ұйымдастырушы №2 балалар аурулары кафедрасы мен 7 курс интерн-терапевтеріне мерекеге қатысқан аналар өз аттарынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Мерекелік қойылым аяқталған соң Аяз ата мен Ақша қар аурухана бөлімшелерін аралап, барлық науқас балаларға сыйлық таратты. Бірде-бір бала сыйлықсыз қалмады.

Жаңа жыл мерекесімен балаларды құттықтап, олардың жүздеріне қуаныш пен бақытты сыйлауға мүмкіндік бергені үшін 7-042, 7-043, 7-044, 7-036  топ интерн-терапевтерінің атынан №2 балалар аурулары кафедрасына (м.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі Тукбекова Б.Т., профессордың міндетін атқарушы, интернатура оқу ісінің меңгерушісіС.Т. Кизатова) алғыстарын білдірді.

№2 ішкі аурулар кафедрасының 7 курс интерн-терапевтері.


0
5139

пікірлер

пікір қалдыру үшін.