Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ресейлік балалар инфекционисттерінің XVI Конгресі

Ресейлік балалар инфекционисттерінің XVI Конгресі

29 Желтоқсан 2017

13-15 желтоқсан күндері Мәскеуде Ресейдің балалар инфекционисттерінің XVI Конгресі «Инфекциялық патологияның және вакцинаның алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында өтті. Конгрестің ұйымдастырушылары Балалар жұқпалы аурулар кафедрасынан жас ғалымдарға шақыруды ұсынды. Біздің университетімізден «Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар аурулары» мамандығы бойынша 1-ші курс студенттері қатысты Ж.Ж.Андасбаева «Қарағанды қаласындағы жасына және зерттеу материалына тәуелді  s.pneumoniae  серотиптерінің спектрі» атты  постерлік баяндамасы  және Д.Б.  Жаксылыкова «Ішек инфекциясымен ауыратын балаларды емдеу» тақырыбында постерлік  баяндамасымен қатысты. Жетекшісі - балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, академик РАЕ, профессор Бегайдарова Розалия Хасанқызы.

    Жас ғалымдар өздерінің постерлік таныстырылымдарын жоғары деңгейде ұсынды. Анасбаева Жанат 2 -  орынға ие болды және РҒА академиясының балалар жұқпалы аурулары қауымдастығының президенті В.Ф. Учайкин марапаттау қағазымен марапаттады және Жақсылықова Данара қатысушы дипломымен марапатталды.

Осы мүмкіндік үшін ҚММУ ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына, клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректор Көшерова Бақыт Нұрғалиқызына және балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, академик Р.А.Бегайдарова Розалия Хасанқызына  алғыс білдіреміз.


0
5052

пікірлер

пікір қалдыру үшін.