Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғажайып уақыт

Ғажайып уақыт

28 Желтоқсан 2017

Жаңа жыл – барлығымыздың сиқырлы және ең сүйікті мерекеміз. Бұл ғажайып уақыт, күлкі мен қуаныш, мандариндер дәмі сезілетін, көп тәттілер мен сыйлықтардың уақыты. Үлкендер де, балалар да бұл мерекені жақсы көреді. Дәл осы күні біз ғажайып пен сиқырға сенеміз.

Бұл мерекеде шырша безендіріледі, сенің жақындарың мен туған-туысқандарын жаныңда болады. Өкінішке орай, үнемі біз ойлағандай бола бермейді. Ауруханада жатқан балалар бұл мерекеде үйлерінде бола алмайды. Дәл осындай балаларға облыстық клиникалық балалар ауруханасында медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының қызметкерлерімен нағыз мереке ұйымдастырылды: зұлымдықты жеңетін мейірімге толы жаңа-жылдық ертегі, Аяз ата мен Ақша қар, әрине сыйлықтар да болды. Балалар ертегі қойылымындағы кейіпкерлермен би билеп, ойындар ойнап, жұмбақтар шешті.

Жаңа жыл мерекесін балалар ғана емес, ғажайыпқа сенетін бала болып қала бергісі келетін үлкендер де жақсы көреді. Аяз ата мен Ақша қардың Соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету облыстық орталығына келуі нағыз ғажайыптың өзі болды. Қарт адамдар кейіпкерлерді қуана қарсы алып, олармен кішкентай шырша туралы ән салды. Мейірімділік, ғажайып пен сиқыр көніл-күй қалпы болды.

«Жалпы медицина» мамандығының 5 курс суденттеріне (А.Қойшыман, А Хусаинова, А.Коростелева, М.Тулегенова,) мерекені үйымдастырғандары үшін алғыс білдіреміз!

Медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының доценті А.А. Кнаус 


0
4960

пікірлер

пікір қалдыру үшін.