Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медиация денсаулық сақтау саласында

Медиация денсаулық сақтау саласында

27 Желтоқсан 2017

2017-ші жылдың 21-22 желтоқсан жұлдыздарында балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы «Медиация денсаулық сақтау саласында» атты семинарын облыстық балалар ауруханасында өткізді. Практикалық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де, сонымен қатар медицина университетінің студенттері, резидентура тыңдаушылары, кафедраның қызметкерлері осы семинардың белсенді тыңдаушылары ретінде ат салысты.

Бұл тақырыптың өзектілігінің себебі - қазіргі таңда Қазақстан республикасында және шетелде де науқастар мен дәрігерлердің арасындағы қарым-қатынастың конструктивті болуына үлкен  көңіл бөлінуінде. Бір емес, бірнеше онжылдықтар бойы қолданып келе жатқан  АҚШ-та медициналық қызмет беру саласында туатын қайшылықтардың 75-85% медитор арқылы шешіледі. Ұлыбританияда  тіпті Медициналық Медиация Орталығы деген арнайы бөлімше де бар екен.

ҚР өткен реформаларға енгізілген жоғарғы технологияларға қарамастан, өкінішке орай, шағымдардың саны күннен күнге өсіп барады, сондықтан медиацияның зор рөлі қазіргі заманда анық. Біздің елімізде «Медиация туралы» заң 2011 жылы қабылданған медициналық саласы оны белсенді іске асырушылардың бірі. Биылғы оқу жылында кафедра оқытушылары «Медиация» сабағын Жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттеріне өткізіп жатыр. Сабақ кезінде студенттер өз қызығушылығын білдіріп, көбісі өз көз қарастарын өзгерткендерін айтып жатыр.

Өткен семинарда жаттықтырушы-медиатор С.М. Кабиева медиацианың маңыздылығы тек қана туындаған қайшылықты шешу жолдарымен шектелмейді, оның маңыздылық сол қайшылықтардың алдын алу екендігіне көңіл бөлді. Семинардың тыңдаушылары медиация тарихымен, негізгі принциптерімен,  медиация шарасын өткізу техникасымен таныстырылды. Семинарға қатысушылар қайшылықтардың себептерін, дәрігер мен науқастың арасындағы мәселелерді талқылады, мәселені шешуінің медиативті стильдерін қарастырды, дәрігерлердің тәжірибесінде болған клиникалық жағдайларды талдады, медиаторлар мен «қарама қарсы таласып жатқан  екі жақ» бір бірімен орын ауысып, практика ретінде жан жағынан ұғынуға тырысты.

Тыңдаушылар семинардың биік дәрежеде ұйымдастырылғанын атап өтті, Кабиева Сауле Маутовнаның медиацияны өз медициналық ұйымдарының  жұмысына белсенді енгізуін білдіріп қолдады.

В.Д. Гусев кафедра ассистенті

Балалар аурулары пропедевтика

кафедрасының ассистенті


0
4982

пікірлер

пікір қалдыру үшін.