Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ Диссертациялық кеңес отырысы жайлы

ҚММУ Диссертациялық кеңес отырысы жайлы

27 Желтоқсан 2017

2017 жылы 16  қарашада университетте 6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғау өтті.

Диссертациялық кеңес отырысын төраға Турмухамбетова Анар Ақылбековна ашып, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібіндефилософия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғау өткізу. Диссертация тақырыптары медицинаның өзекті сұрақтарына арналған: «Экстрагенитальды патологиясы құрылымында  несеп  шығару жүйесінің патологиясы бар жүкті әйелдерді жүргізу» (докторант И.В. Бачева, ғылыми кеңесшілері Умбеталина Ноиля Сафиевна, м.ғ.д., ҚММУ терапевтикалық пәндер кафедрасының профессоры, Табагари-Брегвадзе Нино, PhD докторы, профессор, Д. Твилдиани атындағы Медицина Университетінің медицина факультетінің деканы, Тбилиси қаласы, Грузия), «Гонартрозы бар науқастарды емдеу кезіндегі соққы-толқынды терапияны қолданудың биомеханикалық негіздемесі» (докторант Л.С. Минбаева, ғылыми кеңесшілері Шевелева Наиля Игоревна, м.ғ.д., ҚММУ терапевтикалық пәндер кафедрасының профессоры, Alvydas Juocevicius, PhD, профессор, Вильнюсс университетінің қайтадан оңалту, физикалық және спорттық медицина орталығы Сантарос Клиникос ауруханасының меңгерушісі, Вильнюс қ., Литва) және «Поллиноздағы аллерген-спецификалық иммунотерапия түрлерінің тиімділігін салыстырмалы бағалау» (докторант У.Ш.Салтабаева, ғылыми кеңесшілері Моренко Марина Алексеевна, м.ғ.д., «Астана медицина университеті» АҚ №1 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, Розенсон Рафаил Иосифович, м.ғ.д., «Астана медицина университеті» АҚ №1 балалар аурулары кафедрасының профессоры,Гариб Виктория, PhD, профессор, Халықаралық молекулалық аллергология және иммунология университетінің вице-президенті, Вена медициналық университетінің ғылыми қызметкері, Вена қ., Австрия).

Диссертациялық кеңестің мүшелері, ресми пікірсарапшылар жұмыстардың өзектілігін, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы мен құндылығын атап өтті. 

Табысты қорғауларыңызбен құттықтаймыз!!!


0
5016

пікірлер

пікір қалдыру үшін.