Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ Диссертациялық кеңес отырысы жайлы

ҚММУ Диссертациялық кеңес отырысы жайлы

27 Желтоқсан 2017

2017 жылы 21  желтоқсанда университетте 6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғау өтті.

Диссертациялық кеңес отырысын төраға орынбасары м.ғ.д., профессор Тургунов Ермек Мейрамович ашып, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібіндефилософия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғау өткізу. Диссертация тақырыптары медицинаның өзекті сұрақтарына арналған: «Балалардағы ауруханадан тыс пневмониядағы қабыну маркерлерінің клиникалық-диагностикалық мәні» (докторант А.С. Ахаева, ғылыми кеңесшілері Азизов Илья Сулейманович – медицина ғылымдарының докторы, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Смоленск мемлекеттік медицина университеті Жоғары білім беретін федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің микробқа қарсы химиотерапия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, Смоленск қ., Ресей Федерациясы, Скосарев Иван Александрович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетінің №1 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан, Антонелла Ческа – МD, PhD докторы, Трансильвания университетінің «Медицина» факультетінің «Жасушалық және молекулалық биология және гистология» кафедрасының меңгерушісі, Брасов қ., Румыния) және «Ортодонтиялық емдеу кезіндегі балалардың стоматологиялық денсаулығының гигиеналық және микробиологиялық аспектілері» (докторант А.Г. Жармагамбетова, ғылыми кеңесшілері Тулеутаева Светлана Толеуовна –  медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің бала жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қаласы, Қазақстан, Ахметова Сауле Балтабаевна – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің микробиология кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қаласы, Қазақстан, Гржибовский Андрей Мечиславович - MD, MPhil, DrMed, Солтүстік мемлекеттік медициналық университеттің орталық ғылыми зерттеу зертханасының меңгерушісі Архангельск қаласы, Солтүстік-Шығыс федеральдық университетінің қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының профессоры, Якутск қаласы, Ресей, Горбатова Мария Александровна - медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Солтүстік мемлекеттік медициналық университеттің бала жасындағы стоматология кафедрасының меңгерушісі,  Архангельск қаласы, Ресей).

Диссертациялық кеңестің мүшелері, ресми пікірсарапшылар жұмыстардың өзектілігін, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы мен құндылығын атап өтті. 

Табысты қорғауларыңызбен құттықтаймыз!!!


0
5177

пікірлер

пікір қалдыру үшін.