Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық мобильділік аясында ұзақ мерзімді кәсіби байланыстар орнату.

Академиялық мобильділік аясында ұзақ мерзімді кәсіби байланыстар орнату.

26 Желтоқсан 2017

04.12.17 ж. бастап 15.12.2017 ж. аралығында № 1 Жалпы  дәрігерлік тәжірибе  кафедрасының ассистенті Г.В.Лазарева академиялық ұтқырлық шеңберінде  С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – нің  № 2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе  кафедрасында жұмыс атқарды.  Осы кезеңде дәрігер интерндер 733-1 тобымен «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандығы «ЖДТ ішкі аурулар» пәні бойынша сабақтар өткізілді.

Оқыту барысында инновациялық әдістер қолданылды. С.А.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – де Қазақстанға белгілі ғалым – педагогтар, Ресей медицина ғылымдары академиясының, профилактикалық медицина академиясының, халықаралық академияның академиктері, қоғам қайраткерлері, білім және ғылым қайраткерлері, еңбек сіңірген дәрігерлер мен фармацевтер  жұмыс атқарады. С.Д. Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ - нің біздің елдің  ЖОО – мен және алыс- жақын шет елдерінің ЖОО - мен келісім шарты бар. С.Д. Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ- нің  № 2 Жалпы Дәрігерлік тәжірибе кафедрасы  Алматы қаласы  № 36 Қалалалық ауруханада орналасқан. Кафедра меңгерушісі  м.ғ.к.,  доцент Ш.Х.  Рамазанова. Кафедра штатында 36 оқытушы, соның ішінде 1 м.ғ.д., 8. м. ғ. к., 4 магистр. Барлығы кафедрада 495 дәрігер-интерн оқиды. Оқыту Алматы қаласының  14 клиникалық базаларында жүргізіледі.


0
5121

пікірлер

пікір қалдыру үшін.