Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні

22 Желтоқсан 2017

«Морфология» кафедрасында «Биология» мамандығы студенттерінің көмегімен «Қазақстан Республиксының алғашқы Президенті күні» мейрамына арналған іс-шара өткізілді. Студенттер өздерінің алғы сөздерін Нұрсұлтан Назарбаевтің биографиясынан бастап, балалық шағы мен жасөспірімдік кезеңін баяндады. Сол сияқты студенттер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ҚР-ның мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі жайлы ерекше ықыласпен әңгімеледі. Президенттің бастауымен аз уақыт ішінде біздің еліміз дүниежүзілік деңгейдегі саяси және экономикалық тәуелсіз мемлекетке айналды. Студенттер ұлттық көшбасшы жүргізген еліміздің сыртқы және ішкі саясатына аса көңіл бөлді. Сонымен қатар Президенттің шығармашылық және жазушылық қабілетін, оның сүйікті ісі жөнінде, саяси өмірден тыс өмірінен де хабарламалар жасалды. Нұрсұлтан Әбішұлы жақсы ән айтады, домбырада да жақсы ойнайды, ғылыми және саяси мақалалар жазады, кітап шығарады. Елбасының жанұялық және жеке бас өмірінен шараны ұйымдастырушылар өте қызықты бейнебаян көрсетті.

Шараның соңында ұйымдастырушылар тыңдармандар арасында викториналық сұрақтар қойды. Жалпы тыңдармандардың барлығы дұрыс жауаптар берді. Қатысушылардың көбісі Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінен жаңа және қызықты мағлұматтар білгендерін айтты.

Мағлұматтар студенттердің пікірлері, таныстырылымдар, баяндамалары мен бейнебаяндары үлгісінде өткізілді.

Морфология кафедрасының ПОҚ

«Биология» мамандығы III курс студенттері Қоғамдық денсаулық сақтау,  фармация және биология факультеті


0
4592

пікірлер

пікір қалдыру үшін.