Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"Асқазан- ішек жолдарының хирургиясындағы видеоэндоскопиялық технологиялар"

"Асқазан- ішек жолдарының хирургиясындағы видеоэндоскопиялық технологиялар"

15 Желтоқсан 2017

Қазақстан Республикасының тəуелсіздігінің 26 жылдығы мерекесі аясында, N 1 Хирургиялық аурулар кафедрасында  тақырыбында мастер -класс өткізілді. Дəрісті  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор,  "ҚР Президенті Жұмыстарын Басқару  Медициналық Орталығы  Аураханасының" РМК  бас хирургі Токпанов Серик Имакович оқыды.

Мастер класстың бағдарламасында асқазан-ішек жолдары хирургиясының негізгі мəселелері талқыланды. Екі операция жасалынды: біріншісі -"Үлкен көлемді көкеттік жарықтар кезіндегі гастроэзофагеалды рефлюксті ауру", рентгенологиялық дəлелденген, лапароскопиялық фундопликация жасалынды, екінші науқас: "Ішек транзитінің айқын бұзылысымен Мегадолихоколон"диагнозымен, операция көлемі - сол жақтық гемиколэктомия.

Осы мастер кластың бағдарламасында профессор С.И Тоқпанов үш дəріс оқыды: "Дуоденобилиарлы жол хирургиясындағы ятрогения ", Профессор өт жолдарының хирургиясындағы эндоскопиялық операциялар жасауда осы аймақта жұмыс жасау барысында мүмкін болатын қателіктермен,осы мəселелерді шешуді сараптап, шешімдерін жеткізді, алдын алу əдістерімен таныстырды,тәжірибесімен бөлісті.Екінші тақырып қазіргі кездегі ең кең тараған ауру Гастроэзофагеальды рефлюксті ауру жөнінде болды. Үшінші дəріс  " Тоқ ішекке лапароскопиялық араласулар кезіндегі техникалық ерекшеліктері, қауіптер жəне асқынулары" кафедра меңгерушісі Қ.Т.Шакеевпен оқылды, оның ішінде көлденең тоқ ішектің реконстуктивті жəне қалпына келтіруші хирургиясы болды. Жас бастаушы хирург тарға гепатобилиарлық жолдың және тоқ ішектің хирургия сынағыш мүмкін болатын асқынулардың алдын алу және болдырмау бойынша нақты тəжірибелік нұсқаулар берілді. 


0
4955

пікірлер

пікір қалдыру үшін.