Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Менің Тәуелсіз Қазақстаным!

Менің Тәуелсіз Қазақстаным!

14 Желтоқсан 2017

Тәуелсіз Қазақстан өзінің жаңа тарихымен барлық Орта Азия аймағының көшбасшысы және  басшы мемлекет екенін дәлелдеді. Заманауи Қазақстан  - тұрақты экономикасы мен болашаққа деген ұтымды жоспары бар, тәуелсіз, егеменді және демократиялық мемлекет. Бүгінгі күні Қазақстан өзінің құқығы мен мақсаты туралы шешімді батыл түрде жариялап отыр.

Мемлекетіміздің Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында әр түрлі дайындық бағыттарымен  интерндердің арасында «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты зияткерлік ойынын жүргізу жақсы дәстүрге айналып отыр. Осы шараның ұйымдастырылуына  №2 ішкі аурулар кафедра оқытушылары мен интерндері қатысты. Аталған мерекелік іс-шара жалпы медицина және стоматология факультеті деканының орынбасары Ж.Б. Шарапиеваның құттықтау және алғы сөзінен басталды. Зияткерлік ойынның басталуынан бұрын қатысушылар мен қонақтар №2 ішкі аурулар кафедра интерндерінің творчествалық жұмыстарымен танысты. Интерндер өз суреттері мен творчествалық қолөнерінде, квиллинг техникасы бойынша жасалған композицияларында Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, өз махаббаты және патриоттық сезімдерін білдірді. Талантты 6 курс 7-051-7-052 топ интерндері Абдиказиева Арайлым және Укенова Мархабаттың орындауындағы поэзиялық өлең жолдары мен домбыра шумақтары төгілгенде залда мерекелік атмосфера орнады.  Барлық қонақтар ойынның барысына зор көңіл бөліп, өзін телевизиялық «Своя игра» танымалды ойынының қатысушысы ретінде сезінген  әрбір ойыншыға қолдау көрсете білді. Сынға түскен 24 қатысушылардың ішінде алты ойыншы іріктеу сынынан сүрінбей өтіп, ойынның финалына жолдама алды. Олар №2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының интерндері - Әділшін Данагүл, Гарифзянова Елена, Гарифзянов Равиль, Ахметқали Ақнұр және акушерлік – гинекология кафедрасының интерндері Гардер Ангелина және Амангелді Айтолқын.  Ойын 2 айналым және финалдан құралды.  Ойынның финалына үлкен басымдылықпен Әділшін Данагүл, Ахметқали Ақнұр және Гардер Ангелина жолдама алды. Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша №2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының интерні Ахметқали Ақнұр жеңіске жетті. Ал шығармашылық сайыстың қорытындысы бойынша 7-054, 7-055 топ интерндері І дәрежелі дипломмен, 6-054-6055 топ – ІІ дәрежелі, 7-042  топ интерндері ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Мерекелік іс-шараның соңында №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Е.М. Ларюшина қонақтар мен қатысушыларға келе жатқан мереке аясында құттықтау сөз жолдады. Қазіргі XXI ғасыр -  жас мемлекетімізге тіреу болатын жаңа буын ғасыры. Бізге оқу үрдісіне зор көңіл бөліп, білімді тереңдете білу қажет. Жаңа мыңжылдық мемлекетіне білімді, белсенді азаматтар қажет. “Еліміздің әлеуметін ояту және іске асыру үшін Қазақстанға зияткерлік революция қажет,” – деп елбасымыз Н.А. Назарбаев айтқандай мемлекетіміздің болашағы біздің жауапкершілігімізде болмақ.

Зияткерлік ойын мен шығармашылық сайыстың барлық қатысушылары алғыс хаттармен, ал жеңімпаздар – диплом мен ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

№2 ішкі аурулар кафедрасының оқытушылары мен интерндері


0
5335

пікірлер

пікір қалдыру үшін.