Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ ҚЫРАНЫ – 2017

ҚММУ ҚЫРАНЫ – 2017

14 Желтоқсан 2017

  Қатаң көшпелі өмір жағдайының арқасында қазақтарда ұлттық спорт түрлері өздігінен қалыптасқан. Олардың ержүректік мінездері қатысушыларға батылдық,ептілік,төзімділік және басқада қасиеттерін дамытуға септігін тигізді.

Ұлттық дәстүрді дамытудың маңыздылығын ескере отырып, КГМУ спорт клубы екінші жыл қатарынан университетте «ҚММУ ҚЫРАНЫ – 2017» атты ұлттық спорт түрін өткізуді ұйымдастырды.

Спартакиада бағдарламасында жастардың күші мен икемділігін (Қазақ күресі),төзімділік пен ерік-жігерін (Арқан тартыс), көру өткірлігін және қимыл-қозғалысын (Асық ату), және де стратегиялық ойын құрастыру және көп ақпаратты талдауға (Тоғыз-кұмалак) бағытталған 4 ұлттық спорт түрі бар.

Спартакиада ойынына барлығы 140 спортшылар қатысты.Арқан тартыс жарысында ЖМ факультетінің (капитан Сәрсенбек Расул 4-028 ОМ) тобы жеңіске жетті.

«Шахмат», «Тоғыз құмалақ» жарыстарында университеттің ең үздік спортшыларының  қатысуымен мастер-кластар өткізілді.

 «Асық ату» жарысында басты  жаңалық: күтпеген жерден «Халықаралық медицина факультетінің» командасы (капитан Даршан Кумар 5-001 ОМ) жеңіске жетті.Ежелгі қазақ ойындары Үндістаннан келген студенттерге қиындық туындатпады.Үндістан командасы өз бәсекелестерін еш қиындықсыз жеңіп,алтын медаль иегері болды. (Тоғыз-кұмалак).

Спартакиаданың басты ерекшелігі «Қазақ күресі» жарысы болды.Шамамен үш ондаған балуандар өздерін  спартакиадада титулының жеңімпазына ұсынды.

Күрес нәтижесінде Елтай Жангелді (1-032 ОМ) және Рахметуллаев Азамат (5-007 ОМ) қола медальдарға ие болды.Күміс медальды Сәрсенбек Расул (4-028 ОМ) иеленді.Ал Тойбеков Алдияр (4-010 ОМ) спартакиада жеңімпазы және «ҚММУ ҚЫРАНЫ – 2017» атты атағын иеленді.КГМУ спорт клубы және «Самрук»  СР спорт Министрлігі (президент Нурпеисов Данияр, спорт министрі Шүкірбай Төлемұрат) ұйымдастырған,«ҚММУ ҚЫРАНЫ – 2017» атты ұлттық II спартакиада үлкен көлемде өтті. Жарысқа көптеген құрметті қонақтар көрермен болып келді. Барлық қатысушылар өздерін жеңіске лайықты екенін көрсетті,күрес керемет және әсерлі болды.

  ҚММУ Спорт клубы.


0
5031

пікірлер

пікір қалдыру үшін.