Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

13 Желтоқсан 2017

 21 қарашада Алматы қаласында ҚР Тұңғыш Президент қорының жыл сайынғы республикалық студенттік стипендиялар алуға конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының 80 студенттері үздік оқығаны үшін 40 мың теңге көлемінде ай сайын алады.

  Н. Назарбаев Қорының жоғары ар-намыс стипендиаты атану үшін колледждер мен ЖОО  қатысушылары елеулі конкурстық іріктеуден өтті. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің интерн-хирургі Ташметов Эльярбек Розматжанович оқудағы, ғылыми және қоғамдық қызметі үшін ҚР Тұңғыш Президенті қорының - Елбасы стипендиясының иегері атанды.

  ҚР Тұңғыш Президенті қоры -  жоғары үлгерімді көтермелеу ғана емес, сондай-ақ үлкен жетістікке деген құлшынысты ояту.Конкурсқа  қатысуға 650-ден астам өтініш берілген. Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Арқалық, Қаскелең, Кызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларының студенттері келген. Қатысушылардың GPA көрсеткіштері  жақсы болуы ғана емес, өзінің оқу орнының шығармашылық және ғылыми өміріне белсенді ат салысуы керек. Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында гала-концерт кезінде  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының стипендиаттарына қошемет көрсетілді.

Жалпы медицина және стоматология факультетінің деканаты

0
5168

пікірлер

пікір қалдыру үшін.