Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үндістанның медициналық кеңесінде дипломды растауға дайындау үшін ҚММУ-нің шетел студенттері үшін өткізілген шеберлік сабақ.

Үндістанның медициналық кеңесінде дипломды растауға дайындау үшін ҚММУ-нің шетел студенттері үшін өткізілген шеберлік сабақ.

07 Желтоқсан 2017


   Үндістан медициналық кеңесінде дипломдарын табысты растауы үшін оқу жылында әр тоқсан сайын халықаралық медицина факультетінің деканаты ҚММУ базасында «Team Motivation coaching academy» (Үндістан) бірлесіп шетел студенттеріне шеберлік сабақтар өткізеді.

2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 3 желтоқсанға дейін  «Педиатриядағы патология» шеберлік сабағы «Team Motivation coaching academy», жетекшісі - м.ғ.д., доктор Ашутош Агарвалдың қатысуымен өткізілді.

«Team Motivation coaching academy» мен «Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университеті» арасындағы тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру үшін үлкен күш-жігер жұмсаған доктор Динеш Кумардың арқасында бұл шеберлік сабақтары 4 жыл бойы өткізіліп келеді.

Осы уақыт ішінде студенттерге хирургия, физиология, терапия, фармакология және басқа да барлық медициналық сабақтар бойынша тренингтер өткізілді.

Бұл шеберлік сабақтар тек емтихандарға ғана емес, сонымен қатар болашақта студенттердің Үндістанда өтетін медициналық практикасына да өте көп әсерін тигізеді.

Халықаралық медицина факультетінің деканаты


0
5226

пікірлер

пікір қалдыру үшін.