Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Hugo Bragioni-дің «Эразмус+ бағдарламасының Әрекет 2: Жоғары білім берудің мүмкіндіктерін арттыру жобаларына гранттық өтініштерді тапсыру. Оқу бағдарламаларын жасап шығару» тақырыбы бойынша мастер-классы

Hugo Bragioni-дің «Эразмус+ бағдарламасының Әрекет 2: Жоғары білім берудің мүмкіндіктерін арттыру жобаларына гранттық өтініштерді тапсыру. Оқу бағдарламаларын жасап шығару» тақырыбы бойынша мастер-классы

04 Желтоқсан 2017

  Қараша айының 20-24 аралығында ҚММУ-де «Эразмус+ бағдарламасының Әрекет 2: Жоғары білім берудің мүмкіндіктерін арттыру жобаларына гранттық өтініштерді тапсыру. Оқу бағдарламаларын жасап шығару» тақырыбында мастер-класс өтті. Мастер-классты ҚММУ-дің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Хьюго Бражиони мырза өткізді. 

  Мастер-класста ҚММУ-дің әкімшілік-басқару қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамынан құралған 72 адам қатысты.

Мастер-класс Hugo Bragioni мырза тарапынан презентация түрінде Эразмус+ бағдарламасының әрекет 2 жобаларына өтініш тастау үдерісін, оқу бағдарламаларын жасап шығаруды егжей-тегжейлі түсіндіру арқылы өткізілді.

Мастер-класстың қатысушылары төмендегі тақырыптар бойынша жан-жақты таныстырылды:

-Эразмус+ бағдарламасы, Әрекеттер және нысаналы топтар;

-ЕО-ның халықаралық ынтымақтастық саласындағы  Стратегиясы;

-Бағдарлама бойынша ақпарат көздері;

-Лунд Университетінде бекітілген жобалардан мысалдар т.б.

Мастер-класстың соңында барлық қатысушылар халықаралық сарапшыға сұрақтар қоюға мүмкіндік алды және мастер-класста қатысқандығы туралы сертификаттарға ие болды.       


0
4896

пікірлер

пікір қалдыру үшін.