Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Дәрігер тәжірибесіндегі шұғыл жағдайлар:ауруханаға дейінгі кезеңде емдеу және диагностикалаудың инновациялық әдісі»

«Дәрігер тәжірибесіндегі шұғыл жағдайлар:ауруханаға дейінгі кезеңде емдеу және диагностикалаудың инновациялық әдісі»

30 Қараша 2017

20.11.2017 ж.мен 24.11.2017 ж. аралығында КМК ОАА Шетауданы, Ағадыр кентінде  Реаниматология, анестезиология және жедел медициналық көмек кафедрасының профессор  м.а А.Р. Алпысова жедел жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлеріне, дәрігер-терапевттерге, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мен мейірбикелерге арналған 54 сағат көлеміндегі «Дәрігер тәжірибесіндегі шұғыл жағдайлар: ауруханаға дейінгі кезеңде емдеу және диагностикалаудың инновациялық әдісі»  тақырыбында мастер-класс өткізілді.

Өткізілген мастер-кластың мақсаты ауруханаға дейінгі кезеңде  жиі кездесетін шұғыл жағдайлар кезінде кідіріссіз көмек көрсету мен диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін оқыту болып табылды.

Оқытудың аяқталу барысында тыңдаушылар жиі кездесетін шұғыл жағдайларды диагностикалаудың инновациялық әдістері, ауруханаға дейінгі кезеңде жедел көмек көрсету шараларының негізгі аспектілері және жүрек-өкпе реанимациясын өткізудің тәжірибелік дағдылары туралы түсінік алды. 


0
5280

пікірлер

пікір қалдыру үшін.