Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Интерндар спартакиадасы

Интерндар спартакиадасы

28 Қараша 2017

 ҚММУ –да жоғарғы  курс студенттері үшін «Интерн-2017» студенттерінің Спартакиадасын өткізу  жақсы дәстүрге айналды.

Турнирдің қысқаша тарихына тоқталсақ: 2016 жылы интренатура факультетінің студенті Мадияр Сулейменов университеттің спортклубына келіп интерндер арасында жарыстар өткізу туралы ұсыныс жасады.Бұл бастаманы қолдап,сол жылдың  қараша айында ҚММУ-дың спорт клубы «Интерн - 2016»  I Спартакиадасын бастады.Осылай ҚММУ-да жарыстар қоры тағы бір қызықты турнирмен толықты.

 «Интерн-2017» II студенттік Спартакиадасы Қазақстан Республикасының әнұраның орындаумен және туын көтерумен салтанатты түрде ашылды. «Yes-team» заманауи би тобы жарыс қатысушыларын шығармашылық нөмірлерімен құттықтады.

 «Интерн-2017» II студенттік Спартакиадасы мына спорт түрлерінен өтті:үстел теннисі, шахмат, шашки, тоғыз-құмалақ, баскетбол, волейбол және қол күрес. Қатысуға  «Терапия», «Хирургия», «Акушерство және гинекология + Стоматология», «Педиатрия» және «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандықтары бойынша 300 ден аса студент өтініш білдірген.

Жедел ауыр күрес бойынша жалпы командалық бірінші орынды  «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша оқитын спортшылар алды. Екінші орында «Терапия», ал үшінші орында «Педиатрия», төртінші орында «Хирургия» және бестікті «Акушерство және гинекология + Стоматология» қатысушылары жабады.

 Салтанатты түрде жарыс  жүлдегерлеріне қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды, спартакиада жеңімпаздары «Жалпы тәжірибелік дәрігер» командасына салтанатты түрде жеңгендері үшін кубок берілді.

   «Интерн-2017»  Спартакиадасының қорытынды кестесі

ҚММУ спорт клубы.


0
5210

пікірлер

пікір қалдыру үшін.