Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Erasmus + International Credit Mobility бағдарламасы бойынша Порто Университетінде (Португалия) білім алу

Erasmus + International Credit Mobility бағдарламасы бойынша Порто Университетінде (Португалия) білім алу

24 Қараша 2017

  Erasmus + шәкіртақысының Порто Университетіндегі (Португалия) 2016 жылғы иегерлерінің бірі болып «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының докторанты Эльмира Култанова атанды.

  2016 жылдың 1 қыркүйегі мен 2017 жылдың 31 шілдесі аралығындағы шәкіртақылық кезеңнің қорытындысы бойынша докторант тарапынан Қоғамдық Денсаулық Сақтау Институтында (ISPUP) HealthSystemsAdministration,ChallengesinEpidemiologicResearch,HealthResearchMethods,HealthStatisticMethodsI,HealthStatisticMethodsII,SystematicReviewandMeta-Analysis,MeasuringHealth,JournalClub,IndividualProject,TopicalSeminars пәндері сәтті тапсырылды.Аталған пәндер докторантқа қоғамдық денсаулық сақтау мен медициналық статистика салаларында бірегей білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, институттың сарапшылық ғылыми комиссия жұмысына қатысуға мүмкіндік берді. Оқу барысында докторант ғылыми зерттеуші ретінде тәжірибе жинап қана қоймай, сонымен қатар өзінің тілдік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Порто Университетінде оқудың алдыңғы қатарлы шарттарының бірі болып, португал тілін үйрену бойынша қосымша сабақтарға қатысу болып табылады, докторант португал тілін білу бойынша сертификатқа ие болды.   

Оқудың соңында Эльмираға Еуропалық Одақ тарапынан Erasmus + дипломы тапсырылды.

  Докторант тарапынан Қоғамдық Денсаулық Сақтау Институтының ректоры, эпидемиология профессоры Henrique Barros және бас ғылыми қызметкер, биостатистиканың қауымдастырылған профессоры Milton Severo бірге докторлық диссертацияларға ғылыми кеңес беруге келісім-шарттарға қол қойылды. Ғылыми жетекші Henrique Barros бірге диссертациялық жұмыс аясында зерттеу дизайнын жасап шығарды және екі университеттер арасындағы ары қарайғы зерттеу жұмыстары жоспарлануда.

  Erasmus + бағдарламасы бойынша оқу шетелдік алдыңғы қатарлы оқу орындарында жаңа білімдер алуға, ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша тәжірибелер алмасуға, сонымен қатар Еуропаның көпғасырлық мәдениетіне жақындауға тамаша мүмкіндік болып табылады. Португалия – ғажайып және қонақжай ел, Қоғамдық Денсаулық Сақтау Институты мен Порто Университеті қызметкерлеріның ынтымақтастыққа әрдайым құшақтары ашық және олар шетелдік студенттермен ауқымды жүмыс атқаруда.

  ҚММУ-дің ректоры, профессор Р. С. Досмағамбетоваға, ғылыми жетекші, м.ғ.д. А. А. Тұрмұхамбетоваға және халықаралық ынтымақтастық бөліміне, атап айтсақ, Асель Нургалиева мен Сауле Қасымоваға Португалияда оқу кезінде қолдау мен көмек көрсеткендері үшін шексіз алғысымды білдіремін.

Э.Култанова.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша

3 жылғы докторанты.

0
5110

пікірлер

пікір қалдыру үшін.