Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Hugo Bragioni-дің «Орталықтандырылғануниверситеттікқұрылымдажұмысжасау. Лунд университетінен үлгі-нұсқалар» тақырыбындағымастер-классы

Hugo Bragioni-дің «Орталықтандырылғануниверситеттікқұрылымдажұмысжасау. Лунд университетінен үлгі-нұсқалар» тақырыбындағымастер-классы

24 Қараша 2017

  2017 жылдың 22 қарашасындаҚММУ-де «Орталықтандырылған университеттік құрылымда жұмыс жасау. Лунд университетінен үлгі-нұсқалар» тақырыбында мастер-класс өткен болатын. Мастер-классты ҚММУ-дің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Bragioni Hugo Francisco мырза өткізді. Қатысушылар құрамы декандар, декандардың орынбасарлары, маркетинг және жарнама, стратегиялық даму, экономика және жоспарлау, ғылыми қызмет менеджменті, т.б. бөлімдерінің басшыларынан құралды. 

  Университеттердің автономияға өтуі медициналық білім беруді жаңғыртуда ең алдыңғы қатарлы мақсаттардың бірі болып табылады. Ұйымның құрылымын орталықсыздандыру басқарушылық автономиясының кеңеюіне әсер етумен қатар, университет менеджерлерінің білім беру, ғылыми және клиникалық үдерістерді қаржылық және кадрлық қамсыздандыру аясындағы дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға жағдай жасайды.  

  Мастер-класс барысында қызметкерлер автономияға өту кезіндегі негізгі кедергілерді талқылап, сонымен қатар аталған мәселені шешу үшін біздің университетіміздің құрылымын басқарудың екі үлгісін ұсынды.

  Мастер-класстың соңында барлық қатысушыларға сетрификаттар ұсынылды. 

0
5060

пікірлер

пікір қалдыру үшін.