Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы түлектерінің мансаптық өсу перспективалары туралы

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы түлектерінің мансаптық өсу перспективалары туралы

24 Қараша 2017

2017 жылдың 22 қарашасында Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетінде Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі, Қоғамдық денсаулық сақтау, биология және фармация деканатымен бірлесіп, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 2018 жылы түлектерімен 3-4 бакалавриат студенттері «ҚР ДСМ Қарағанды облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің» бастығымен кездесуін өткізді.

Клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі проректор, м.ғ.д., профессор Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы алғы сөз сөйледі. Ол түлектерге кәсіби қызмет саласы, маманды жұмысқа жіберу туралы ережелер, мансапты дамыту мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Қарағанды облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлы қатысушыларды департаменттін құрылымымен және оның 19 аумақтық бөлімшелерімен таныстырды. Қайрат Қажыманұлы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар бар екенін және конкурстық іріктеудің 3 кезеңін егжей-тегжейлі таныстырды: Қазақстан Республикасының заңнамасын біліу жөнінде тестілеу, жеке қасиеттерді бағалауын тестілеу, профильді білімге сұхбат жүргізу кезеңдерін атап өтті.

Кездесуге денсаулық сақтау департаментінің басшысы Б.Т. Смаилов, Қарағанды ​​облыстық ДОӘО-ның кадрларды басқару қызметінің бас маманы С.П. Аппасова, университеттің профессорлық оқытушылар құрамы және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4,5-ші курс студенттері қатысты. Талқылау барысында профессор С.П. Терехин, Е.Н. Сраубаев, М.Г. Калишев, С.Р. Жакенова, Ф.М. Шайзадина белсенді қатысты.

Қорытындылай келе, Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлы барлық түлектерге кәсіби өсуін тіледі және одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі.


0
5333

пікірлер

пікір қалдыру үшін.