Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Этномәдени бірлестіктермен шығармашылық кездесу

Этномәдени бірлестіктермен шығармашылық кездесу

20 Қараша 2017

2017 жылдың 15 қарашасында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасында Қарағанды қаласындағы этномәдени бірлестіктер өкілдерімен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.  Іс-шараны өткізу барысында «Рідно слово» Т.Г. Шевченко атындағы Украин облыстық бірлестігінің,  «Идел» татар-башқұрт мәдени орталығының «Татар» Қауымдастығының облыстық бірлестігінің, «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық бірлестігінің, «Казачья вольница» облыстық бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ ҚММУ жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері, кафедра оқытушылары мен «Жалпы медицина» мамандығының 1- курс студенттері қатысты.

Кездесу «Жалпы медицина» мамандығының 1- курс студенттері: Берістем Бекзаттың «Көңіл толқыны» күйін домбырамен орындаумен, Амирханова Аиданың, Жолдыбай Нұрдәулеттің, Қайрат Аиданың Қазақстан халқының достығы жайында өлең жолдарын мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде  шашу ретінде арнауымен басталды.

Шығармашылық кездесу барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері өздерінің этномәдени бірлестіктерінің қызметі жайында, өз ұлттарының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары туралы, Қазақстандағы жетістіктері жайында, сонымен қатар ұлттық киімдері мен музыкалық аспаптарын назарға ұсынды.

«Казачья вольница»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Раков Семен Вячеславович студенттерге өз бірлестігінің қызметі жайында, казак ұлтының мәдениеті мен ерекшеліктері туралы баяндап берді.  

«Идел» татар-башқұрт мәдени орталығының «Татар» Қауымдастығының облыстық бірлестігінің төрайымы Сатретдинова Суфия Замировна орталықтың атқарған жұмыстары жөнінде, жексенбілік мектеп пен  татар тілін оқытатын курстар жайында, Достық үйі туралы қызықты деректерді келтіре отырып, аудиторияға татар тілінде «Гармоншы болсын жарын!» деген әнін башқұрт этносының өкілі Ахмедьянова Закия Саматқызының сырнай аспабында сүйемелдеуімен көрермендердің көңілін жадыратты.

«Рідно слово» Т.Г. Шевченко атындағы украин облыстық бірлестігі жастар қанатының жетекшісі Головченко Олеся өз орталығының қызметін таныстырымдылық жұмыспен айта отырып, өткізген іс-шаралары, конференциялар мен жазғы балалар лагері туралы мәліметтер ұсынды.

«Видергебурт» неміс орталығы» облыстық бірлестігі жастар қанатының жетекшісі Борисевич Мария академиялық оқу жайында, балалар лагері туралы, қайырымдылық жөнінде, Қазақстанның неміс жастары қатысатын театр қойылымдары туралы қызықты презентация келтірді. Қоғамдық бірлестікте ұйымдастырлатын барлық іс-шараларға студенттерді қатысуға шақырды.

Қонақтарға студенттер өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша, Қазақстан мен Германия мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы, казак ұлтының салт-дәстүрлерін, татар-башқұрттардың ұлттық мерекелері жайында, Украина және Қазақстандағы украиндар байланысы жөнінде, Ресей Федерациясы мен Қазақстан этникалық саясаты бойынша сұрақтар қоя отырып, әр ұлттың ана тілінде амандасу сөздерін айтып беруді өтінді.

ҚММУ жастар саясаты бөлімінің қызметкері Милаева Ирина Ивановна осы іс-шараға қатысқан қонақтарға алғыс білдіре отырып,  студенттерге және кафедра ұжымына белсенділік танытқаны үшін өз ризашылығын білдірді.

Шығармашылық кездесу қатысушылар барлық көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық әндер орындап, би билеп, Қазақстанның этносаралық достастығы жайында өз пікірлерін білдіре отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі туралы, оның ішінде Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жайында, Қарағандының Оңтүстік-Шығыс ауданында орналасқан Достық Үйі қызметі жайында баяндай отырып, этномәдени бірлестіктері ұйымдастыратын барлық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды. 

Өткізілген шығармашылық кештің естелігі ретінде университет атынан келген қонақтарға «Медик» журналының соңғы басылымы және кішігірім сый-сияпаттар тарту етілді.

Шығармашылық кездесу «Казачья вольница»  қоғамдық бірлестігі жастар қанатының жетекшісі Кулишевич Михаилдің сырнай аспабымен сүйемелдеу арқылы казак ұлттық әнін орындаумен және ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындаумен қортындыланды. Патриоттық және барлық тыңдармандардың сүйікті әніне айналған «Атамекен» әнін Михаилмен барлық қатысушы студенттер бірге орындады.  

Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының

оқытушылары  М.Т. Алиева, Л. К. Магзумова

Кафедра меңгерушісі  К.А. Темиргалиев

Оқытушылар   М.Т. Алиева

   Л.К. Магзумова


0
5407

пікірлер

пікір қалдыру үшін.