Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кәсіби тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын талқылау

Кәсіби тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын талқылау

15 Қараша 2017

2017 жылғы 14 қарашада Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінде «Жалпы медицина» бойынша жауапты оқытушылармен кәсіби тәжірибе бойынша клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректор Бахыт Нұрғалиевна Көшеровамен  жиналыс өткізілді.

Жиналыста алғы сөзбен клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы Омарқұлов Бауыржан Каденұлы сөз сөйледі. Одан әрі қарай жауапты оқытушылар жасалынған жұмыс бағдарламалары бойынша таныстыру рәсімін жүргізді. Онда студенттердің тәжірибені өту барысында білуі тиісті дағды, құзіреттер, тәжірибенің міндеттері және тәжірибені өткізу қорытындысын бағалау критерийлері талқыланды.

Жиналысқа 1 және 5-курстардан «Жалпы медицина» мамандығының кәсіби тәжірибе бойынша 14 жауапты оқытушы қатысты.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі 


0
5279

пікірлер

пікір қалдыру үшін.